АҚШ вакцинаның екі дозасын да салдырған шетел азаматтарын елге кіргізеді
8 қарашада Құрама Штаттар COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын да салдырған шетел азаматтарына шекараны қайтадан ашты.
Шетел азаматтарының АҚШ-қа кіргізуге шектеуді 2020 жылдың басында сол кездегі президент Дональд Трамп енгізді. Одан кейін билікке келген Джо Байден шектеу мерзімін созды.
Мұндау шектеулер елдегі туризм саласын тұралатып, әлем елдерімен дипломатиялық қарым-қатынасты әлсіретті.
АҚШ шекарасы әлемнің көптеген елдерінің саяхаттаушыларына жабық тұрды. Билік індеттің таралуын осылай тежегісі келді.
Вашингтонның хабарлауынша, АҚШ-қа америкалық санитария жөніндегі басқармасы мақұлдаған вакциналардың бірін, немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тізіміндегі вакциналардың бірінің екі дозасын да салдырған шетел азаматтары кіре алады.
newstaraz.kz