Новости на Newstaraz.

АҚШ-та жүрген Назарбаев өзін «диктатор» деп атайтын сыншыларға жауап берді

newstaraz.kz

Америкада жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзін «диктатор» деп атайтын сыншыларға жауап берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Похожие статьи

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит өтіп жатқан АҚШ астанасы Вашингтонға Ұлыбритания, Жапония премьерлері, Қытай төрағасынан соң алғашқы лекпен Қазақстан президенті келді.

Семей полигонын жапқан Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудың жер-жаһанға төнетін қаупі туралы талайдан бері айтып жүр. Сондықтан елбасы төрде, АҚШ президенті Барак Обаманың оң жағына жайғасыпты.

Атом бомбасы бар державаларға отпен ойнамауға кеңес берген ресми Астана өндірген шикі уранын Батыстың электр станцияларына жеткізуге дайын екенін мәлімдеді. Мұның алдында президент Американың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездескен болатын. Өткір сұрақтардың бірінде Назарбаев өзін «диктатор» деп сынаушыларға ашық жауап берді.

«Мен бұл қызметте көптен бері отырмын. Мені үнемі небір күнәларға батырып кінәлайды да жатады. «Автократ» не «диктатор» деп айтып жатады. Мен бұған былай жауап берем: «5 жыл сайын ашық сайлауда халық мені жақтап дауыс береді. Және ол ешқашан 80 пайыздан кем болып көрген емес». Енді олай деуге қалай болады?»,  — дейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.


newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »