Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде əлеуметтік азық-түлік бағасымен ойнағандар жұмыстан қуылды (фото)

newstaraz.kz

Сайлау алдында «Нұр Ақтөбе» ауданында ашылған əлеуметтік дүкен төңірегіндегі дауға нүкте қойылды, деп хабарлады өңірлік NUR.KZ тілшісі.

Похожие статьи

«Өндірушілердің бағасымен сатылатын ең арзан дүкеннен Сапарбаев шыққаннан кейін баға өзгерді» деп шулағандар сабырға шақырылды.

Даудың басы жергілікті басылымға «Əлеуметтік дүкенде баға көтеріліп кетті. 200 теңгенің бананы 400 теңгеден жоғары сатылып жатыр», — деп шағымданған тұрғын арызынан кейін басталған еді. Хабар ақтөбелік шенеуніктерді дүрліктірді.

Ақтөбеде əлеуметтік азық-түлік бағасымен ойнағандар жұмыстан қуылды (фото)

Бүгін таңмен əлеуметтік дүкенге өзі барған əлеуметтік кəсіптік коорпорация басшысы Қайрат Бекенов қатты ашуланды. Себеп жоқ емес. Əлеуметтік дүкендегі арнайы бекітілген баға жазылған тақтайша алынып тасталынған. Сатушылар сауданы қыздырып жатыр. Бұлай жалғасуға болмайтынын айтқан басшы жағдайды халыққа түсіндірді.

Ақтөбеде əлеуметтік азық-түлік бағасымен ойнағандар жұмыстан қуылды (фото)

«Кеше облыс əкімінің өзі бағамен ойнауға болмайтынын ескертті. Бекітілген баға жазылған тақтайша тұрғындардың алдында тұру керек. Бұл жерде бағаның өзгермегенін көзімізбен көрдік. Біз бəрінің ашық түрде болғанын қалаймыз. Сондықтан түсінбеушілікке жол берген сатушы жұмыстан шығарылады»,- деді ƏҚК басшысы Қайрат Бекенов.

Ақтөбеде əлеуметтік азық-түлік бағасымен ойнағандар жұмыстан қуылды (фото)

Ал, 200 теңгенің бананы дүкенде мүлде сатылмағаны белгілі болды.

Бүгін түстен кейін əлеуметтік дүкенде жаңа сатушы жұмыс жасайтын болады. Ақтөбеліктер көкөністерді Қазақстандағы ең төменгі бағамен алатыны айтылды.

Сонымен қатар, ƏҚК басшысы ең төменгі бағамен халыққа бірінші қажетті азық-түлік сататын келесі дүкен Ақтөбенің Батыс ауданында ашылатынын хабарлады.


newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »