Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды (фото)

Ақтөбеде жұрттың мазасын алған қаңғыбас жындыханаға жатқызылды. Қоғамға қауіп төндіргендіктен дәрігерлер оны құжатсыз-ақ емдемекші. Бұл жігіттің ауруы кезбелік өмірдің кесірінен қозып кеткен көрінеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаңғыбас. КТК арнасынан кадр

Сондықтан не істеп не қойғанын білмейді. Тіпті, іш киімін шешіп, қоқыс жәшігімен де жыныстық қатынасқа түсіп, тұрғындарды шошытқан еді. Өзінің айтуынша, аты-жөні Тимур Лян. Кәріс жігіті Қарақалпақстанда туған болуы мүмкін.

Қаңғыбас. КТК арнасынан кадр

Ел бойынша сұрау салып, анықтама жинаған дәрігерлер оның бұрын сотталғанын ғана анықтапты. Кісі тонағаны үшін Жаңаөзен мен Алматы түрмелерінде жазасын өтеген. Ол жақта да ауырып, жабық мекеменің жанындағы ауруханада ем алыпты.

Қаңғыбас. КТК арнасынан кадр

«Бұрын да қылмыс жасап сотталған. Бірнеше жерде осылай көшіп-көшіп келген де, Алматыда болған. Алматыда қазір ақпарат алдырып жатырмыз», — дейді Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары Гүлсім Ғабдрахманова.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Translate »