Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа қауіпті штаммы анықталды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшылығы жұма күні шұғыл жиналыс өткізеді. Онда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа штаммы Африканың оңтүстігінде тіркелуі талқыланады.
Кездесу қорытындысында бұл штамм коронавирус түрлерінің тізіміне қосылуы мүмкін. Мамандар жаңадан тіркелген B.1.1.529 штаммы «дельтадан» да қауіпті болуы мүмкін деп отыр. Бұл штамм қолданыстағы вакциналар беретін қорғанысқа төтеп береді дейді мамандар.
Жаңа штамм тіркелгені туралы хабардан соң Ұлыбритания Оңстүстік Африка Республикасымен, сонымен бірге оған шекаралас елдермен әуе қатынасын үзді. Сингапур мен Израиль үкіметтері де осындай шара қолданды.
ОАР мен Ботсванада жаңа штаммды жүздеген адам жұқтырған. Ол Африкадан Гонконгке келген бір туристен де анықталды. Мамандардың айтуынша, жаңа штамм бірнеше күннің ішінде «дельта» штаммын ығыстырып шығарған.
newstaraz.kz