Новости на Newstaraz.

АЛМАТЫ СПИДВЕЙДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН

newstaraz.kz

31 қаңтар, Алматы. «Медеу» мұз айдыны FIM Халықаралық Мотоцикл Федерациясының қолдауымен мұздағы мотожарыстардан 2020 жылғы жеке әлем чемпионатының алғашқы финалын қабылдауға дайын – деді баспасөз-конференциясында FIM тректік комиссиясының директоры Армандо Кастанья.

Австрия, Германия, Нидерланды, Ресей, Чехия, Швеция және Қазақстан спортшыларынан құралған әлемнің ең үздік мотоциклшілері тағы да Алматы мұз айдынында күш сынасуға дайын. Оларың ішінде өткен жылы әлем чемпионы атанған, сондай-ақ біріншілікте 2 және 3 орын алған ресейліктер – Даниил Иванов, Дмитрий Колтаков және Динар Валеев бар. Қорғаныс сауыттары мен жауынгерлік рухы үшін мұз гладиаторлары атанған мотоцикл жарысының үздіктері осы жолы да жеңіске жетуде барын салмақ. Біздің елімізді додада тәжірибелі отандық спортшылар Владимир Чеблоков пен Денис Слепухин, сондай-ақ Риддер қаласының жас талантты спортшысы Сергей Серов таныстырады.

Армандо Кастанья FIM регламентіне толық сәйкес келетін «Медеу» биік таулы мұз айдынының жарыстарды өткізуге дайындығы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ қазақстандық Автомотоспорт федерациясы өкілдерінің дайындық жұмыстарын ойдағыдай ұйымдастырғанын атап өтті.

«Мұздағы мотожарыс немесе спидвей – бұл өзінің көз тойдырарлық қырының арқасында көптеген елдерде, ең алдымен, Скандинавия елдерінде, Ресейде сондай-ақ, соңғы жылдары Қазақстанда да танымалдыққа ие болған спорттың өте сирек кездесетін экстремалды түрі. Биыл біз жарысымызды Қазақстанның ең көрікті мұз айдындарының бірі «Медеуде» бастап, Нидерландтың Херенвен қаласында аяқтайтын боламыз. Барлық қатысушыларға сәттілік, көрермендерге драйв пен ұмытылмас эмоцияларды тілеймін», — деді FIM тректік комиссиясының директоры Армандо Кастанья.

Спидвей жазғы мотожарыстарға ұқсас, бірақ оның басты ерекшелігі – кәдімгі таптама жолдың орнында ұзындығы 400 метрге жететін айналма мұз трегінің болуы. Қауіпсіздік мақсатында әр жарыс айналмасына ие болған орнына қарай ұпай жинайтын төрт мотоциклші қатысады. Жеңімпаздар әр күннің қорытындысы бойынша марапатталады. Барлық сайыскерлер үшін бірінші кезең маңызды – себебі осы шақта спортшылар өз кәсібилігі мен шеберлігін паш етеді, амбицияларын көрсетіп, қажетті ұпайларды жинайды.

«Спидвей – мотоцикл спортының ең күрделі және қауіпті, сонымен қатар шытырмандылыққа толы дисциплиналарының бірі болып табылады. Біз Қазақстан үшін алтыншы, сондай-ақ бесінші мерейтойлық финалдың аты аңызға айналған «Медеу» мұз айдынында өтетініне қуаныштымыз. FIM тректік комиссиясының жоғары талаптарына

жауап беретін жинақталған тәжірибе мен қажетті инфрақұрылым және бас әріптес «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы бізге FIM-мен ынтымақтастықты нығайтуға және спидвейден әлем чемпионатының финалдарын өткізу құқығын иеленуге мүмкіндік берді», — деді Қазақстан Республикасы Автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясы Алматының «Медеу» спорт кешенінде бес табысты финалды және Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алау» жабық мұз сарайының аренасында бір финалды сәтті өткізген болатын. 2020 жылғы жеке әлем чемпионатының финалы алматылық жанкүйерлер мен адреналин әуесқойлары үшін өз кезегінде бесінші мәрте өткізіліп, Қазақстандағы маңызды қысқы халықаралық жарыстардың маусымын ашады.

Жарыстың ашылу салтанатының басталу уақыты:

2020 жылдың 1 ақпаны 1 Финал – 12:30

2020 жылдың 2 ақпаны 2 Финал – 12:30

Қосымша ақпарат алу үшін Алматыдағы +7 (727) 266 24 67 телефоны немесе d.tanasheva@infores.kz поштасы арқылы Дәмеш Танашеваға хабарласыңы

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »