Новости на Newstaraz.

КОРОНАВИРУС: ЕЛІМІЗДЕ 54 АДАМ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ

newstaraz.kz

Елімізде коронавирус жұқтырды деген күдікпен 54 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 16-нан аталмыш дерттің белгілері табылмаған, ал қалғандарына диагностика жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі бүгін осындай күтпеген ақпарат таратты. Ал Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген 17 жастағы қыздан қауіпті вирус анықталды! Алайда бұл бүкіл әлемді шулатқан коронавирус емес, Гонконг тұмауы екен. Бірнеше күнде бас қалаға вирустың нағыз ошақтарының бірі Ухань қаласынан студенттер жеткізілмек. Дайындық қызу. Науқастар сағат сайын емес, минут сайын көбейіп жатыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Біреу жөтеліп қалса қорқатын болдық қой өзі. Әлемдегі жаңалықты естіп шошып жүргеніміз былай тұрсын, уатсап мессенджерлері арқылы да түрлі ақпарат тарап жатыр. Жамбыл облысы, Көкшетау, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Қапшағайда коронавирусқа шалдыққандар бар деген хабарламаны сіз де оқыған боларсыз. Алайда еліміздің бас дәрігері мұның барлығы фэйк деп қысқа қайырды. Жалпы жыл басынан бері Қытайдан 12 мың қазақстандық жеткізіліпті. Бірін қалдырмай тексерген ақ халаттылар 54-інен дене қызуын анықтап, ауруханаға жатқызыпты. ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Жоғары температура мен және басқа да симптомдармен 54 азамат ауруанаға жеткізілді. Олардың диагноздары осы инфекцияға байланысты. Және коронавирусқа да мүмкін болуы мүмкін. 16 адам аурузханадан шығарылды. Қазір 38 науқас емделіп жатыр». Ал бұл астананың халықаралық әуежайы. Мұндағы бақылау енді басқалардан өзгерек. Екі есе күшейтіледі. Өйткені вирустың нағыз ошақтарының бірі Ухань қаласындағы 98 студентті елге эвакуациялау жұмыстары басталмақ. Дайындық барысымен Министр Елжан Біртановтың өзі танысып қайтты. Иә, бұл студенттер арнайы ұшақпен, кейін арнайы автобуспен жеткізіліп, емделіп жатқан басқа науқастардан бөлек арнайы жерге жатқызылады. Ақ халаттылардан басқа ешкіммен байланысқа түспей, 14 күнге карантинге жабылады. Ал Үкімет қосымша құралдар, маска, тағы да керек заттар алу үшін қосымша 1,5 млрд теңге бөліп отыр. ЕЛЖАН БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Елімізге қажетті инфекциялық-санитралық төсек дайындалған. Екі есе көбейді 10 000 орын. Барлық емханаларда қажетті дәрі-дәрмек барлығы алынып жатыр. Деффицит байқалмайды» Әлгінде айттық, желіде жүрген ақпараттардың барлығы фэйк деп. Ал оны таратқандар жауапсыз қалмайды әрине. Мәселен, түймедейді түйедей қылдырып, Қапшағайда коронавирусқа шалдыққандар бар деп уатсапты біраз шулатқан жедел-жәрдем жүргізушілері әрекеттері үшін жауап береді. Олар жалған мәлімет таратқандары үшін олар қамауға алынды. СЕРІК ҮПИЕВ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ «Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сот жүріп жатыр. Іс Қапшағай қалалық полицияның өндірісінде». Алайда, мұндай оқиғалар тек бізде ғана емес, көршіміз Қытайда да бар көрінеді. Қарапайым мысал. Бүкіл әлем жұртының шашын тік тұрғызған мына видеоны сіз де көрген боларсыз. Алайда оның жалғасы да бар. Жылап, көмек шақырып жатқан мына бойжеткенде шынымен коронавирус болса,

айналадағылардың біреуі телефон шұқып, өзгесі тамақ ішіп сондай тыныш отырар ме еді? Әрине жоқ. Барлығы халықты дүрліктіру үшін жасалып жатқан дүние. Ал мұндай видеолар желіде ондап саналады. Алайда, жасыратыны жоқ, көрші елдегі жағдай күннен-күнге ушығып барады. Вирусты жұқтырғандардың қатары 7800-ге жетіп, одан көз жұмғандардың саны 170-тен асқан. Қауіпті індеттің таралу аймағы да кеңеюде. Қытай, Оңтүстік Корея, Австралия, Малайзия, АҚШ,Канада, Франция, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері — жалпы жиыны 15 елде тіркеліпті. Бүгінде 30 млн халқы бар Ухань қаласы тып-тыныш. Дүкендер жабық, үйлер қаңырап бос тұр. Ал көшедегі адамдарды дәрігерлер бірден жедел-жәрдеммен әкетіп жатыр. Вирустың таралу қаупі жоғары өйткені. Бұл қалада той-думандар мен жерлеу рәсімдерін өткізуге де тыйым салынды. Айтпақшы, бірнеше сағаттан кейін Қытайдағы коронавирустың таралу қаупін жоғары деп бағалаған дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Бейжіңдегі жағдаймен танысқан соң, тағы жиын өткізбек екен. Соған қарағанда… жә, оны уақыт көрсетер.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »