Новости на Newstaraz.

Алматыда «Қара майордың» құрметіне арналған ескерткіш тақта ашылды

newstaraz.kz

Алматыда Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты әскери бөлімде аты аңызға айналған «Қара майор», полковник Борис Керімбаевқа арналған ескерткіш тақтасының салтанатты ашылуы өтті.

Алматыда «Қара майордың» құрметіне арналған ескерткіш тақта ашылды

Салтанатты шарада әскери бөлімге Борис Керімбаевтің есімінің берілуі әскери қызметшілерге жүктелген ерекше міндеттер кезінде жауапкершілікті сезінуге ынталандыру, сондай-ақ әскери қызметшілердің әр түрлі буынын борышқа, әскери ар-намыс заңдарына, жауынгерлік бауырластық пен халыққа қызмет етудің берік айғағы екені жөнінде айтылды. Шараға бөлімнің жеке құрамы мен басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері мен полковник Керімбаевтың да жұбайы қатысты.

«Бүгін менің қуанышымда шек жоқ. Әрине жоқтың орны толмас. Осы сапта тұрған бәріңіз үшін нағыз ұстаз бола білді. Мен барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жеткен жетістіктеріңізбен құттықтаймын», — деді Раиса Керімбаева.

Алматыда «Қара майордың» құрметіне арналған ескерткіш тақта ашылды

Естеріңізге сала кетейік, әскери барлау қызметіне қосқан үлесі мен орны ерекше екенін ескере отырып, 2019 жылғы 4 қыркүйектегі Қорғаныс министрінің бұйрығымен арнайы мақсаттағы әскери бөлімге Борис Керімбаевтың аты берілді.

Полковник Б. Керімбаев, В.И. Ленин атындағы Ташкент жоғары жалпыәскери командалық училищесін тәмамдаған. Мотоатқыштар взводының командирі, Орта Азия әскери округының барлау ротасының, штабының және мотоатқыштар батальонының басқарушы қызметтерін атқарған.

1981 жылы Керімбаев Ауған еліне жіберілген болатын. Ол басқарған жасақ Панджер шатқалындағы Ахмад Шах Масудтың моджахедтер  құрамаларына қарсы тұрған. Сегіз айға созылған ұдайы атыстардан, қоныстану операциялары мен рейдтерден кейін моджахедтердің басшысы уақытша бітімге келісуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Кеңес әскерлеріне қарсы топтардың жауынгерлік іс-қимылдары тоқтатылды.

Өз жасағы қойған «Қара майор» лақап атымен барлық әскери қызметшілердің мәңгі есінде қалды. Ауған елінен кейін Керімбаев 22-ші арнайы мақсаттағы бригада командирінің орынбасары, 546-ші арнайы мақсаттағы оқу полкінің командирі болып қызмет етті. 1992 жылы денсаулық жағдайына байланысты полковник әскери атағымен Қарулы Күштер қатарынан шығарылды.

2019 жылы 12 ақпанда ұзақ аурудан кейін Борис Керімбаев Алматы қаласында өмірден өтті.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »