Новости на Newstaraz.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанның қазіргі және бұрынғы президенттерімен кездесуі жайлы айтты

newstaraz.kz

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев қазіргі президент Садыр Жапаровтың елдің бұрынғы басшыларының басын қосқанына қатысты пікірін білдірді. Оның мәлімдемесін Социал-демократиялық партияның лидері Темирлан Султанбеков Facebook парақшасына жариялады.

Атамбаев мәлімдемесінде президенттермен кездескенін, бастапқыда оны Садыр Жапаров және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Камчыбек Ташиевпен кездесу деп шақырғанын жеткізді.

«Мен де елдің бірлігі мен бейбітшілігі жағындамын. Ол туралы ойымды айттым. Президент Жапаровтың ниетін бағалаймын. Бірақ кездесудің соңында былайша айтқанда ағылшынша, ешкіммен қоштаспай кетуіме мәжбүр болдым. Елге бірлік пен бейбітшілікті нығайту мен Бакиевті Қырғызстанға оралуға рұқсат беру, бұл екі бөлек дүние. Бұл екеуін біріктіру кері нәтижесін береді. Өте көп қан төгілді. Мұны ұмыту мүмкін емес. Оны туыстары кешіруі тиіс. Менің бұл сөздерімді президент Садыр Жапаров естіді деп үміттенемін», — делінген Атамбаевтың мәлімдемесінде.

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров Facebook-тегі парақшасында елдің бұрынғы президенттерімен кездесу өткізгенін хабарлаған.

Жапаров жазбасында кездесу қашан және қай жерде өткенін айтпады. Ол елдің бұрынғы басшыларының басын қосуды баяғыдан бері ойлап жүргенін және «басшылардың басы қосылмай, олардың жақтастары да бірікпейтінін» атап өтті.

Жапаровтың баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаевтың айтуынша, кездесуге бұрынғы президентер Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отынбаева, Алмазбек Атамбаев, Сооронбай Жээнбеков қатысқан. Сұлтанбаевтың айтуынша, кездесу орны ретінде «белгілі бір себептерге байланысты нейтрал аумақ таңдалған».

Қырғызстан тәуелсіздік алғалы бері президент қызметін Асқар Ақаев (1991-2005 жылдары), Құрманбек Бакиев (2005-2010 жылдар), Роза Отынбаева (2010-2011 жылдары), Алмазбек Атамбаев (2011-2017 жылдары) және Сооронбай Жээнбеков (2017-2020 жылдары) атқарған.

Ақаев – 2005 жылғы революциядан кейін, Бакиев 2010 жылғы революциядан кейін елден қашты. Жээнбеков те 2020 жылғы жаппай наразылықтан кейін қызметінен мерзімінен бұрын кетті. Отынбаева уақытша президент болды. Атамбаев биліктен қуылған жоқ, бірақ ол экс-президент мәртебесінен айырылып, 3,5 жылдан астам уақыт түрмеде болды. Бірнеше күн бұрын ол мерзімінен бұрын босатылып, шетелге емделуге ұшып кетті. Ақаев пен Бакиев шетелде тұрып жатыр.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »