Альпинистер Путин шыңындағы украин туын алып, қырғыз туын ілді
Қырғызстанның альпинистер федерациясы Путин шыңындағы украин туын алып тастап, оның орнына Қырғызстан туын тікті. Бұл жөнінде жергілікті ақпарат құралдары жазады.
Осының алдында тау басындағы Путин шыңы деп аталатын биіктікке шыққандар онда Украина туының ілінгенін хабарлаған. Белгілі болғандай, оны Қырғызстанда тұрып жатқан Ресей азаматтары ілген.
Қырғызстан билігі Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты бейтарап ұстанымда қалып отыр. Қырғыз билігі Украинаны қолдап, Ресей билігін айыптаған акцияны бірнеше рет күшпен қуып, ұйымдастырушыларды әкімшілік жауапқа тартқан.
Ақ-су шатқалындағы шың 2011 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің құрметіне Путин шыңы деп аталған.
newstaraz.kz