Америкалық ауруханадағы атыстан төрт адам қаза болды
АҚШ-тағы Талса қаласында (Оклахома штаты) қаруланған ер азамат ауруханадағыларды атты. Полиция бес адам қаза болғанын хабарлады.
Полиция мәліметінше, адамдарға оқ жаудырған адам өзін де атқан. «Атқыш өлді. Полиция қызметкерлері қазір ғимараттағы әрбір бөлмені тексеріп жүр», — делінген қалалық полиция департаментіндегі твиттерде.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 35-40 жастағы атқыш адамдарды винтовкамен атқан.
«Біз оның нақты кім екенін анықтап үлгермедік. 35-40 жастағы ер азамат. Оқиға орнына ол винтовка мен тапанша алып келген», — деді полиция өкілі Эрик Далглиш.
Атқыштың мұндай әрекетіне не себеп болғаны да белгісіз.
KJRH телеарнасының хабарлауынша, атыс Әулие Франциск ауруханасы корпустарының бірінде жергілікті уақытпен сағат 17:00 шамасында болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына үш-төрт минутта жетті.
24 мамырда дәл осыған ұқсас атыс Техас штатының Увальде қаласындағы бастауыш мектепте болды. Сол атыста 19 бала мен екі мұғалім қаза болды. 13 бала түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Мектепте оқ атқан 18 жастағы Сальвадор Рамосты полиция қызметкерлері атып өлтірді. Оның алдында, мамыр айында бір атқыш Буффало қаласындағы супермаркетте 10 адамды атып тастаған.
newstaraz.kz