Новости на Newstaraz.

АРАЛДЫҚТАР: ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІНДЕ САҒАТТАП КЕПТЕЛІСТЕ ТҰРАМЫЗ

newstaraz.kz

Жандарын шүберекке түйіп күн сайын «қанды өткелден» өтетін Арал қаласының 40 мың түрғыны биліктен көріп сұрайды. Аудан орталығында жалғыз ғана темір жол өткелі бар. Қыркүйектегі Алматы облысындағы жантүршігерлік апатты ұмыта қоймаған жұрт, жергілікті билік шара қолданбаса қайғылы жағдай қайталануы мүмкін деп қауіптенеді. Осы пробеманы көтеріп, арыз жазып, есік қағып келе жатқандарына он жыл болған. Бірақ, саусағын қимылдатқан шенеунік, естір құлақ таппадық деп ашынады. Жауапты органдар болса, енді қозғаламыз деп отыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл — Арал қаласындағы жалғыз теміржол өткелі. Пойыз келіп, өткел жабылған кезде бұл жерде автокөліктердің кептелісі бірнеше шақырымға жетеді. Арал қаласында автокөліктердің көбеюіне байланысты тұрғындар жергілікті биліктен осы жерден аспалы көпір салуын сұрайды. Теміржолдың арғы бетінде Аралдықтардың тең жартысы, яғни жиырма мың тұрғын бар екенін ескерсек, бір өткелдің аз екені айдан анық. Автокөліктер саны қалада жыл сайын артып келеді. Оны мына кептелістен-ақ байқауға болады. Көшенің тарлығын ескерген тұрғындар балалары үшін алаңдайды. КҮЛМАРАШ КӨЛБЕКОВА, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ “Түсте обедтің кезінде, кешкісін жұмысшылар қайтатын кезде вообще ана жаққа дейін тұрады көліктер. Өте алмаймыз. Мына жерде мектеп бар, балабақша бар, Мына жерде балалар тұрады өте алмай, біздің өзіміз мына жерден шаққа өтеміз”. ҒАБИТ ӨТЕПОВ, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: “Мына жақтан переезд ашса екен тағы қосымша. Көпірге ақша болмаса қосымша бізге переезд ашса бізге жақсы болар еді”. Бұл — көлік жүргізушілерінің арманы. Сағаттап кептелісте тұратын Аралдықтар соңғы 10 жылдан бері жергілікті билікке өтініш арыздарын қарша боратып, жазып келеді. Пысықтары, елордадан келген шенділерге де шағымын жолдап әлек. ТОРТАЙ БЕЙІСОВ, АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ: “Аралға Астанадан көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев келіп, біз сол кезде осы мәселені көтердік «Халық үні» қоғамдық бірлестіктің атынан. Соған жауабын проектік сметалық құжаттар дайындау керек деп маған жауап берді. Сонын несін мен Арал аудандық әкімшілігіне, ЖКХ-ға табыс еткенмін. Содан бері ешқандай қозғалыс жоқ”. Ал, жергілікті билік өкілдері керісінше, биыл қозғалыс бар екен айтады. Жақында ғана аспалы көпірдің құрылысы облыстан қолдау тауыпты. АМАНТАЙ ТАСҚЫНБАЕВ, АРАЛ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: “Кеше жол дистанциясының қызметкерлері келіп, мост салатын жерді белгіледік. Қазір біздің бөлім арқылы ТЭО дейміз — Техника экономическое обоснование сол жұмыстарын бастап кеттік уже. Аманшылық болса ТЭО-ны бастасақ, келесі жылға сметалық документтері дайын болса алдынғы 2021 жылдарға құрылыс жұмыстары басталады ма деп ойлап отырмыз”. Дегенмен, тұрғындар 2 жыл деген тым ұзақ екенін айтады. Себебі теміржолдың үстінде апаттар жиі болып тұрады, дейді. ЫБЫРАЙ АЙТІЛЕУОВ, ӨТКЕЛ КЕЗЕКШІСІ: “Қайғылы жағдай бұрын болды ғой енді. Бірнеше рет болды, қанша рет адамды басты. Екі пойыз қабаттасады, дежурный айтып

отырады ғой, мына пойыз бірінші келсе бірінші келген пойызды өткізесің, ар жағынан өте алмайсың, встречный пойыз келеді. Талай оқушыларды да басты. Қанша адамды басты. Ол айтатыны жоқ”. Ал, шенділердің пайымынша жаңа көпірдің техникалық экономикалық негіздемесіне аудан бюджетінен 9 млн, ал жоба сметалық құжаттамаға облыстан 45 млн теңгедей қаржы керек екен. Ал, көпірдің құрылысына қанша миллиард кететінін дөп басып ешкім айта алмай отыр. Сол себепті тұрғындар бұл құрылыстың жүзеге асатынына күмәнмен қарайды.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »