Ашғабад саябақтарында адамгершілік полициясы пайда болды
Ашғабад полициясы саябақтарға барып, демалатын тұрғындарды бақылауды күшейтті. Әсіресе, серуендеп жүрген жастарды тоқтатып, оларға ақыл-кеңес айту көбейген.
Аймақтағы Азатлык тілшісінің хабарлауынша, полиция әсіресе саябақтарда серуендеп жүрген қыздар мен жігіттерге назарын көп бұрып жатыр.
Полиция жастарды тоқтатып, сұрақтар қойып, туу туралы куәліктерін сұрап, олардың бір-біріне кім болып келетінін де анықтап жүр екен.
Сонымен бірге полиция ашық және қысқа белдемше киген қыз-келіншектерді тоқтатып, оларға ескерту жасайтын болған. Осындай бақылаулар әсіресе айтулы күндер қарсаңында күшейеді.
Қазір Түркіменстан тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр.
newstaraz.kz