Ауғанстандағы жер сілкінісінен 255 адам опат болды
Разрушенный в результате землетрясения дом в Афганистане, 22 июня 2022 года
Ауғанстанның шығысында магнитудасы 6,1 деп бағаланған жер сілкінісі болды. Апаттан кем дегенде 255 адам қаза тапты. Бұл туралы The Guardian «Бахтар» ауған ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
АҚШ геология қызметінің хабарлауынша, жер сілкінісі 22 маусымда таңертең тіркелген. Апат ошағы Ауғанстан астанасының оңтүстігінде, Пәкістан шекарасына жақын Хост қаласы маңында орналасқан. Қызмет жер сілкінісін қауіптің сары деңгейіне жатқызды.
Апаттан кем дегенде 255 адам опат болып, 155 адам жараланды. Жер сілкінісінен зардап шеккен аумаққа құтқарушылар тобы тікұшақпен ұшып шықты.
Еуропалық жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметінше, жер дүмпуі Кабул қаласында сезілген. Апат ошағы астанадан 200 шақырым жерде екені анықталған. Жер сілкінісін Хост қаласынан 300 шақырым жердегі Исламабад қаласының тұрғындары да сезген.
Пәкістан метеорология басқармасы жер сілкінісінің магнитудасын 6,1 деп бағалады.
newstaraz.kz