Ауқаттылар көші: Ресейден биыл 15 мыңнан астам миллионер кетуі мүмкін
Ресейде байлығы бір миллион доллардан асатын 15 мыңнан астам азамат биыл елден кетуі мүмкін. Ғаламдық экономика миграциясын зерттеген Henley&Partners сараптама агенттігі осындай қорытынды жасады.
«Ресей миллионерлерінен айрылып жатыр. Соңғы он жылдан бері Ресейден көшкен бай адамдар саны жыл сайын артып келеді. Бұны мемлекеттің қиындыққа тап болғанының бір белгісі деуге болады. Ірі мемлекеттер ыдырар алдында ауқатты адамдар шетелге топ-тобымен көше бастайды», — деп мәлімдеді сарапшы Эндрю Амойлс.
Henley&Partners мамандарының айтуынша, ресейлік балар үшін АҚШ пен Ұлыбританияға көшу тиімсіз болып барады, өйткені бұл елдер олардың байлығын тексеріп көруі мүмкін. Сол себепті ресейлік ауқаттылар Біріккен Араб Әмірліктеріне ағылады деп болжайды сарапшылар.
Оларды Австралия, Сингапур, Израиль, сонымен бірге Мальта, Монако және Маврикий қызықтыруы мүмкін.
Зерттеу авторларының болжамына қарағандай, жыл аяғына дейін Украинадан шамамен 2800 миллионер көшуі мүмкін. Бұл — елдегі миллионер азаматтардың 42 пайызы.
newstaraz.kz