Соңғы екі жылда ауыл әкімдері бюджеттерін әлеуметтік жағдайды жақсартудан гөрі, өздерінің аппарат қызметіне көптеп жұмсап келеді. Еліміздегі қоғамдық қордың бірі осындай мәлімдеме жасады. Арнайы зерттеу жүргізген ұйым елді мекендер «Төртінші деңгейлі бюджет» жүйесіне өткелі жергілікті биліктің тағы нені қаперден шығарғанын толық тізбектеген. Жалпы, «Төртінші деңгейлі бюджет» деген не? Әкімдер миллиардтаған ақшаны қайда жұмсауда? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Әкімдердің қыруар қаржыны қайда жұмсайтынын айтпай тұрып, «Төртінші деңгейлі бюджет» не екенін түсіндірсек. Соңғы екі жылда халық саны 2 мыңнан асатын ауыл, ауылдық округ, ауданға қарасты қаланың бюджеті салық пен айыппұлдан құралып келеді. Демек, елді мекендер өз мәселелерін облыс қаржысынан емес, өз ақшаларына шешеді. Дербес бюджет десек те болады.
«Төртінші деңгейлі бюджет». Халық саны 2 мыңнан асатын. Ауыл, ауылдық округ, аудан, қала. Салық, айыппұл.
Ұлттық экономика министрлігіне сенсек, жоғарыда атаған түрлі төлемдерден кейбір ауыл бюджетіне 1-1,5 миллиард теңгеге дейін қаржы түседі. Міне, осы қордаланған соманы әкімдер мен жергілікті халық бірлесе қай мәсесін шешуге жұмсайтынын кеңесу керек. Алайда, дербес бюджет енгізілгелі ауыл билігі тұрғындарың әлеуметтік, коммуналдық мәселесіне емес, аппарат жұмысын мен қызметіне жұмсап келеді екен. Осындай қорытындыға зерттеу жүргізген «Трансперси Қазақстан» қоғамдық қоры келіпті.
Бүгінде «Төртінші деңгейлі бюджет» жүйесіне 2300-ден астам ауыл өткен. Енді сондағы биліктің 2020 жылы қаржыны қайда жұмсайтын «топ-3» көрсетсек. Бірінші кезекте жоғарыда айтқандай, әкімдер аппараттарына, кейін көшені жарықтандыруға, сонан соң аббаттандыруға. 1. Ауыл әкімдігің аппаратының жұмысы мен қызметіне 2.Көшені жарықтандыруға 3. Елді мекенді аббаттандыруға. Ал, енді ең ақша аз бөлінген әлеуметтік мәселелер тізбегіне тоқталайық. 2020-да ауылдарда жолды жөндеу , спортты дамыту және ауылдықтарды жұмыспен қамтуға өте аз қаржы қарастырылған. 1. Жолды жөндеу 2.Спортты дамыту 3. Халықты жұмыспен қамту
Ең сорақысы, биыл халық саны 2 мыңнан асатын кейбір ауылдар бюджетінде жақыны жоқ адам қайтыс болғанда жерлеу рәсіміне ақша қарастырылмаған. Депутат мұндай жағдайда Бақытбек Смағұлов бұл жерде тек қайырылымдылыққа қана арқа сүйеу керек, дейді.
БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Ары таза азаматтар қайырымдылықты ойлайтын болса, соған ең бірінші бас болуға тиіс. Егер қарапайым азаматты жер қойнына тапсыратын кезде қаржы көзделмесе де, оны ар тазалығына салып, сол жағдайларды атқарып отыруға тиісті. Өйткені қайырымсыз қоғам меклекетке де қауіпті. Әкімдер де барлық іс-шарамен де айналыса білген жөн.»
КСМ: Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елді мекендердің жеке қаражаты болғанын құптайды. Ол қарапайым халықтан бөлек, енді кіші және орта бизнес өкілдері де ай сайын салықты төлеп отырады, дейді.
РУСЛАН ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
«Ең басты салық кәсіпкерліктен, жергілікті экономиканың дамуынан, кіші және орта бизнестен. Дәл осы мәселелерге әкімдер мән беруі тиіс. Біз осыған назар аударуымыз керек.»
Осы ретте зерттеу жүргізген қоғамдық қор ауыл жұрты бюджетті бекіту кезінде белсенді болса екен деген үндеу тастады. Тағы бір ақпаратқа мән берейік. Ауылдарды дербес бюджетке енгізбей тұрып, шенеуніктер елді мекендердегі салық салынуы тиіс нысан мен мүліктерді тексерген. Нәтижесінде Қаржы, Ішкі істер, Әділет министрлігі және Азаматтарға арналған үкімет жүйелерінен 2 миллион құжат қате толтырылғаны анықталған. Нақты айтсақ, ауылдарда жалпы саны 82 мың қозғалмайтын мүлік пен автокөліктер ортақ ақпараттық жүйеде болмаған, өзгенің атына жазылған, не басқа аудан-аймақтар тіркелген болып шыққан. Ал, бұл еліміз сан жылдар бойы қазынаға салық түспеген дегенді білдіреді.
newstaraz.kz