Новости на Newstaraz.

Қазақстан ЕО-тың 30 ірі сауда серіктесінің қатарына енді — Е.Ыдырысов

newstaraz.kz

Ережелерге сәйкес Келісімді жүзеге асыру екі жақтың күн тәртібінде ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелердің жылжуына серпін береді.

 

 

Қазақстан Еуропалық одақтың ірі сауда серіктестерінің 30 елінің қатарына енді, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сүйеніп хабарлайды.

«Қазақстан ЕО 30 ірі сауда серіктесінің қатарына еніп, ЕО тауар айналымының жалпы көлемі бойынша 26 орынды иеленді», — деді Е.Ыдырысов.

Похожие статьи

Оған қоса, бүгінгі таңда ЕО Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері мен инвесторларының бірі болып табылады. Осылайша, тауар айналымының 50% және Қазақстанның тартылған шетел инвестицияларының 50%-дан астамы Еуропа елдерінің үлесіне тиесілі.

Министр Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау қазақстандық әуе компанияларын ЕО-тың қара тізімінен шығаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Ережелерге сәйкес Келісімді жүзеге асыру екі жақтың күн тәртібінде ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелердің жылжуына серпін береді. Бұл ҚР азаматтары үшін виза режимін жеңілдету, Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мәртебесін беру», -деп түсіндірді ол.

Фото: kaz.caravan.kz

 


 

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »