БҰҰ Халықаралық соты Ресейден Украинаға қарсы соғысты тоқтатуды талап етті
БҰҰ Халықаралық соты бүгін, 16 наурызда «Ресей билігі арнайы операциясын тоқтатуы тиіс» деген қаулы шығарды.
Украина 27 ақпанда Гаагадағы БҰҰ Халықаралық сотына Ресейдің үстінен шағым түсірген. Киев шағымы бойынша сот отырысы 7-8 наурызда өткен.
Кремль Украинаға ашқан соғысын «әскери операция» деп атайды. Ресейде «соғыс» сөзін қолданғандар жауапқа тартылады.
Ресей Украина аумағына президент Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда басып кірді. БҰҰ мәліметінше, осы уақытқа дейін үш миллионға жуық украин босып кеткен.
Ukraine gained a complete victory in its case against Russia at the International Court of Justice. The ICJ ordered to immediately stop the invasion. The order is binding under international law. Russia must comply immediately. Ignoring the order will isolate Russia even further
— Володимир Зеленський (@ZelenskyyUa) March 16, 2022
newstaraz.kz