БҰҰ: соғыс басталғалы бері 516 бейбіт тұрғын қаза тапты
Город Ирпень, Киевская область, 9 марта 2022 года
Украинада соғыс басталғалы бері 516 бейбіт тұрғын қаза тауып, 908 адам жарақат алды. Осылай деп БҰҰ Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары басқармасы хабарлады.
Ұйым мәліметіне қарағанда, көз жұмғандардың арасында 98 ер адам, 60 әйел, тоғыз бала, бес қыз және 23 сәби бар. Қалған құрбан болған 312 адамның аты-жөні анықталмады.
Бейбіт тұрғындардың арасында құрбан болғандардың басым бөлігі Донецк және Луганск облыстарының тұрғындары. Бұл аймақта 111 адам қаза тауып, 462 адам жарақат алған.
БҰҰ қаза болған бейбіт тұрғындар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін, себебі нақты ақпараттар кеш түсіп жатқанын, олардың көбін растау қажет болып жатқанын жеткізді.
Жүздеген тұрғын үй зардап шеккен Волноваха, Мариуполь және Изюм қалаларынан келген мәліметтер бұл статистикаға енгізілмеген, себебі олардың көбі тексерілмеген.
newstaraz.kz