Бұхаралық әйел ВИЧ-ті оннан астам жігітке әдейі жұқтырған
Өзбекстанда Бұхара облысы Қаракөл ауданының 26 жастағы тұрғыны ВИЧ-ті оннан астам жігітке әдейі жұқтырғаны үшін ұсталды.
Күдікті әйел биыл 20 мамырда тері-венерология диспансерінде венерологиялық аурумен тіркелген.
Ауруын біле тұра оны басқа адамдарға жұқтырғаны үшін қылмыстық жаза қолданылатыны туралы ескерту алғанына қарамастан, ол биыл жазда оннан астам ер азаматпен жыныстық қатынасқа түскен, осы әрекетімен қылмыс жасаған.
Милиция күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Еске салайық, Бұхара облысы Вобкент ауданның 34 жастағы тұрғыны ВИЧ жұқтырғанын біле тұра бір жігітпен жыныстық қатынасқа түскені үшін ұсталды. Қылмыс жасаған әйелге қандай жаза қолданылғаны белгісіз.
newstaraz.kz