Новости на Newstaraz.

БАҚ: Пәкістан Тәжікстанға өздері өндірген қару-жарақ жеткізбек

newstaraz.kz

Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан Исламабадта Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу кезінде екі өлкенің қорғаныс және қаруландыру бойынша ынтымақтастық мәселесін талқылады. Тәжікстан басшысы екі күндік сапармен Пәкістанға барған.

Кездесу қорытындысында Имран Хан журналистерге: «Қорғаныс саласы бойынша әріптестікті дамыту біз үшін өте маңызды» деді.

Азаттықтың тәжік қызметіне (Озоди) үкіметтің делегация құрамындағы дереккөзі білдіргендей, Эмомали Рахмон мен Имран Хан Исламабадта жеке жабық есік жағдайында кездескен. «Кездесу жабық есік жағдайында өтті. Бәлкім олар бұл мәселені сол кезде талқылады, бірақ қорғаныс саласында әріптестік бойынша ешқандай құжаттарға қол қойылмады», — деді ол.

Сонымен бірге «Dawn» агенттігі Пәкістан премьер-министрі Тәжікстан басшысымен кездесу кезінде Тәжікстанның Пәкістан өндіретін қаруға мұқтаж екенін сөз еткенін және өзара келісім мемарандумына қол қойылғанын жазды.

Пәкістандық журналист Саджод Хусейн «Yahoo» сайтында жарияланған мақалада Пәкістан мен Тәжікстанның қорғаныс саласында әріптестік жөнінде келісімге қол қойғанын, оның аясында Пәкістан өзі өндіретін қару-жарақты Тәжікстанға жеткізілетіні айтылған.

2 маусымда Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі екі ел басшыларының кездесу нәтижесінде 12 құжатқа қол қойылғанын хабарлады.

Исламабад пен Душанбе CASA-1000 жобасының іске асуын маңызды деп есептейді. Бұл жоба арқылы Қырғызстан мен Тәжікстан Ауғанстан және Пәкістанға электр энергиясын жеткізу қарастырылған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »