Байден Украинаға қорғану үшін 200 миллион доллар бөлуді бұйырды
АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қару-жарақ және әскерилерді дайындауға көмек көрсету үшін 200 миллион доллар көлемінде көмек көрсетуді бұйырды.
Сенбі күні жарияланған бұл шешімнен кейін соңғы бір жыл ішінде АҚШ-тың Украинаның қауіпсіздік саласына көрсеткен көмегі 1,2 миллиард долларға жетті.
Осыған дейін АҚШ Конгрессі Украинаға 13,6 миллиард доллар шұғыл көмек көрсетуді қолдаған. Онда әскери техникалар мен жабдықтарды жеткізу ақысын төлеуге 3,5 миллиард доллар және Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына байланысты Шығыс Еуропаға АҚШ әскерін жайғастыруға 3 миллиард доллар бөлу қарастырылған.
newstaraz.kz