Новости на Newstaraz.

Байден Украинаға тағы 375 млн доллар әскери көмек беретінін айтты

newstaraz.kz

АҚШ Украинаға 375 млн доллар көлемінде әскери көмек береді. Бұл туралы Құрама Штаттар президенті Джо Байден Жапонияда G7 саммитінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен уақытта айтты.

«Құрама Штаттар Украина қорғанысын нығайту үшін қолдан келетін көмектің бәрін беріп жатыр», деді Байден.

АҚШ президенті Украинада «әділ бейбітшілік» орнатуға ұмтылатынын, оның аумағының тұтастығы мен егемендігіне күмән тумауы тиіс екенін мәлімдеді.

Әскери көмекке негізінен артиллерия мен қару-жарақтар кіреді. Олардың арасында HIMARS зымыран кешендері мен басқа да әскери техника бар. Бұған қоса, АҚШ украин жауынгерлерін оқытады.

Украина президенті Жапонияда «Үлкен жетілік» саммиті аясында АҚШ президентімен кездесуде түсірілген видеоны жариялады.

«Халқымыздың атынан Украинаға қомақты қаржылай көмек көрсеткен АҚШ-қа алғыс айтамын. Құрама Штаттар көмегі 37 млрд долларға жеткен, енді тағы 375 млн долларға әскери көмек бергелі отыр», деп жазды Зеленский әлеуметтік желілердегі парағына.

9 мамырда АҚШ Украинаға 1,2 млрд доллар көмек беретін жариялаған.

Байден 2021 жылғы ақпанда президент қызметіне кіріскелі бері АҚШ Украинаға 36,4 млрд доллар көмек берген, соның 700 млн доллары Ресей басқыншылығына дейін бөлінген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »