Едені дірілдеп, балконы қисайып кетті. Нұр-Сұлтанның кезекті тұрғын үйінің сапасы сын көтермей тұр. Елорданың бел ортасында орналасқан ғимаратты мұндағы жұрт «Кафель құлаған» деп атап кеткен. Сарыарқаның желі тағы қай көпқабатты үйдің сырын ашып берді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. «Жел соққан кезде бұл үйдің қасынан өту қауіпті. Әріптестер қазір кадрда көрсетсе таңертең болған оқиғаны. Көліктің үстіне кафель келіп құлаған. Абырой болғанда адам зардап шекпепті. Тұрғындардың айтуына қарағанда бұл ьірінші рет болып отырған жайт емес, олар көндігіп үйреніп қалған. Сұраулары бір, жауапты органдар шешім қабылдаса екен дейді. Себебі, адам шығыны болуы мүмкін». Сөзім өтімді, дәлелім сенімді болсын. Міне, қараңыздар!. Салынғанына 10 жылдан асқан көпқабатты үйдің сиқы осы. Тұрғындар «шықпа жаным шыпамен» күндерін өткеріп жатыр. Тәубә, әзірге кафельдер көліктердің үстіне құлауда. ДАРХАН ТІЛЕПБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Көрініп тұр ғой өзі. Осадок беріп, трещина беріп. Жалпы бұл адам өміріне де қауіпті ғой. Қарасаңыз түсіп жатыр. Не дай Аллах, Алла сақтасын конечно». Кафель ұшқаны жаңалық болмаса, мына жиырылып қалған балкондарға қарап не айтуға болады? Егер жоғары жағындағы бірі төмен қарай сөгітіліп құлдилайтын болса, төмендегілерді түгел жапырып әкететіндей. ЛӘЗЗАТ ХАСАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Қараңызшы әне, бәрі қирап жатыр. Балконды қазір ішкі жағынан көресіздер ғой, қорқынышты. Сыртынан қатты байқалмағанымен ашығын айтайын, адам өміріне қауіпті». «Біз дәл қазір елорданың қақ ортасында орналасқан 25 қабатты үйдің 13-қабатында тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай қыс басталмай жатып бұл жердің балконы сыр бере бастаған және әйнектері сынған. Тұрғындардың айтуына қарағанда бұл тек бастамасы ғана». 2012 жылдан бері санасақ бұл үйдің тұрғындары 7 жыл бойы осы жағдаймен алысып келеді. Бар ақшаларын құрылысқа салған. Амал жоқ апатты үйде тұрып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, бұл үйді атышулы «Тамыз Инвест Групп» салған. Құрылыс компаниясына бір алданып, әкімдіктің табалдырығын тоздырған астаналықтар екі ортада қалып кеткен. ДАНИИЛ ГЛУМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Менің білуімше, бұл үй 18 қабатты болуы керек еді. Бірақ көріп тұрғандарыңыздай 25 қылып бір-ақ салыпты. Басқа да көптеген талаптар сақталмаған. Тұрғындардың бәрін пәтерлеріне кіргізді, бірақ жалпы тұрғын үйдің өзі қолданысқа берілмегенін ешкім айтады ғой. Үйдің толыққанды иесі екеніміз жайында құжат жоқ. Сондықтан мүлігіңді сата да алмайсың. Әне шешіледі, міне шешіледі деген құрғақ уәдеге тойдық». Шөкеев, Мамин, Тасмағамбетов, Жақсыбеков, Исекешов, Сұлтанов. Енді міне, Көлгінов. Соңғысын есептемегенде бұл үй санылып басталып, ақыры шумен аяқталғанға дейін елорданы азды-көпті 6 әкім басқарып кеткен екен. Шаруаның шешілгені шамалы. Әбден шаршаған Петров көшесіндегі тұрғын үйдің тұрғындары «енді бар үмітіміз бір ғана адамда» дейді. НАИЛЬ ЕСЕНАМАНОВ, «ОРБИТА» ТҰРҒЫН ҮЙ КООПЕРАТИВІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
“Осы сәтті пайдала отырып сіздер арқылы президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлынан көмек сұрағым келеді. Басқа сенім артар адамымыз қалмады. 2005 жылдан бері келе жатқан даулы мәселенің нүктесін қоюға көмектесуін өтінеміз. Бірінші, құрылыс жұмыстары толық аяқталса екен. Екінші, уақытша тоқ беріп тұрған трансформаторды алып тастап, бізді қалалық электр желісіне жалғаса. Үшінші, өрт қауіпсіздігі шараларының бірі де сақталмаған. Ертең өрт шықса, арты қайғымен аяқталады. Осыны реттеу қажет. Төртінші мәселе, құжаттарымыздың реттеуі керек. Бұл бүкіл үйдің сұрауы». Қар жауып, боран соғатын күндер алда. Тақтар ойыны сериалына салып айтатын болсақ «Зима близко!». Ал бұл жердегі азаматтардың мәселе бір орнынан қозғалған жоқ. Тұрғындар не дейді? Тұрғындар «Құдай бетін ары қылсын, бірақ жазатайым адам өлімі болмай, біз естір құлақ жоқ» деп отыр. Осыны атқамінерлер естісе екен.
Первый канал Евразия
Первый канал Евразия