Новости на Newstaraz.

Белгілі актер «қазақша үйрен» деген мұғалімге бір жеріне қарап алуға кеңес берді

0 13
Фото tengrinews.kz

Танымал актер Нұртас Адамбай «уақытыңды қазақша үйренуге жұмса» деп сын айтқан желі қолданушысына киім алып, шаш үлгісін түзетіп, косметологқа баруға кеңес берді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Нұртас Адамбай Facebook парақшасында спортпен айналысуға шешім қабылдағанын айтып, желі қолданушыларынан Алматы қаласында жақсы теннис корты қайда орналасқаны туралы кеңес сұрады.

Бұл жазбаға Жәнібек Әликен есімді қолданушы актерге «сен сол уақытыңды қазақша үйренуге жұмса» деп пікір қалдырды. Әрине, пост авторы мұндай пікір күтпесе керек, ол: «менің уақытымда сенің шаруаң болмасын» деп жауап қатты.

Ол аз дегендей актер «мақтанатын түгің болмаған соң тіл білетініңмен ғана мақтан» деп қолданушының ашуына тиді. Ал Жәнібек Әликен өзінің тіл білетініне мақтанбайтынын, тек Нұртас Адамбайдың ұлы да қазақша білмей өсе ме деп алаңдаушылық танытты.

Мұнан соң актер желі қолданушысының фотосына тиісіп, үстіне киіп алған спорттық киіміне сын айтқан. Сонымен қатар қолданушыға киімін ауыстырып, шаш үлгісін ретке келтіруге және косметологқа баруға кеңес берді.

Бұл пікір желі қолданушысының шамына тисе керек, «Барымыз осы, бауырым. Сен құсап қазақтың кемпір-шалын мазақтап, əйел боп киініп ақша таба алмадық. Екі қолға бір күрек деп бала-шағасын бағып жүрген көп қазақтың біріміз. Киімге қарап ақыл айтуға болмайтын болса, Пайғамбарымыз с.ғ.с мүлде сөйлемеген екен. Гандиды айтпағанда. Сіздер енді адамды киіміне қарап, ақшасына қарап бағалайсыздар ғой. Кешіріңіз, байеке» деп жауап берді.

Айтпақшы, шоу бизнес өкілі «қазақша үйрен» деп сөккен азаматқа: «Егер сонша ақылды болсаң, неге бақуатты емессің?» деген американдықтардың мақалы бар. Сенің қазақша білгенің, саған байланысты емес еді. Сен сол ортада өстің. Бұл балықтың суда жүзе алатынымен мақтанумен тең.

Ал сен өз күшіңмен, ақылыңмен бұл өмірде неге қол жеткіздің?.. Егер тілге жаның ашығыш болса, бар, курс ашып, адамдарды оқыт… Ал тіл білмейтіндерге тас лақтыру – еркекке тән іс емес» деген жауабын жазды. Сонымен қатар өзін қазақ тіл жанашыры етіп көрсеткен азаматтың «…Орысша сөйлеп, орыс түс көріп, қазақтың патриоты бола алмайсың. Осыны өзің де түсінесің. Сондықтан ғой тулап жатқаның. Точкаға тиіп тұр ғой…» деген пікіріне актер: «Қазақ тілінде «точка» деген сөз бар ма? Біреуді үйретемін деп алдында өз көтеніне қарап алмайсың ба?» деген жауабын берді.

Айта кетерлігі, желі қолданушы Жәнібек Әликеннің жазбасына қарағанда, ол қарапайым мұғалім. Қазақтың әдебиеті мен тарихын жақсы біледі. Адамды материалдық байлығына емес, рухани байлығына қарап бағалайтын ол өзін ұрпаққа патриоттық тәрбие берушілердің бірі санайды.

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.