Бішкек қырғызстандықтарға Украинаға бармауға кеңес берді
Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Украинаға баруды жоспарлаған қырғызстандықтарға бұл жоспарынан бас тартуға кеңес берді.
СІМ таратқан мәлімдемеде Украина аумағында жүрген қырғызстандықтар жергілікті елдің заңтары мен ережелерін сақтап, жеке қауіпсіздігіне қажетті шараларды қолдану керектігі айтылған.
Қырғызстанның Украинадағы елшілігі қырғызстандықтармен байланыс орнатқанын, күнделікті тәртіппен жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Бұның алдында парламент депутаты Айбек Маткеримов Украинадағы қырғызстандықтар елшілікке хабарласа алмай жатқанын, олар бұл елден шығуға көмек сұрағанын мәлімдеген.
Ресми мәлімет бойынша, Украинада жүрген қырғызстандықтардың 680-і консулдықта тіркелген. Бұл елде 1350-ден астам қырғыз азаматы бар.
newstaraz.kz