Бішкек-Ташкент: тез бұзылатын азық-түлік үшін «жасыл дәліз» ашу талқыланды
8 маусымда Қырғызстанның Ташкенттегі елшісі Муса Жаманбаев Өзбекстанның Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитеті төрағасы Бахромжон Наркобиловпен кездесіп, тез бұзылатын азықтарға «жасыл дәліз» ашу жөнінде сөйлесті.
Сонымен бірге бұл кездесуде екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды бірлесіп дамыту, сауда-экономикалық әріптестікті бекіту, қырғыз компанияларын импортерлар тізіміне енгізу туралы сөз болды.
Наркобилов өзбек тарап сүт, ет, балық азықтарын өндірген компанияларды импортерлар тізіміне тез арада енгізуге дайын екенін мәлімдеді.
Елші Жаманбаев Ветеринария комитетінің диагностикалық орталығына барып, ет, сүт, балық, дән, көкөністерді зертхана бақылауынан өткізу процесімен танысты.
Наурызда министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Өзбекстандағы бірқатар өндіріс кәсіпорындарына барып, олардың жұмысымен танысқан. Екі ел арасында экономика, ауыл шаруашылығындағы әріптестік, бірлескен компаниялардың жұмысын дамыту туралы «жол картасын» қабылдады. Өзбекстан кәсіпкерлері әртүрлі жобаларға шамамен 70 млн доллар инвестиция салуға дайын екенін мәлімдеген.
newstaraz.kz