Бішкекте қырғыздарды Мәскеуде жұмысқа тұрғызатын орталық ашылады
Бұл туралы 7 маусымда Қырғызстан еңбек, әлеумет және көші-қон министрі Нұрдоолот Базарбаев Бішкекте өткен халықаралық форумда мәлімдеді.
“Ресей Қырғызстан азаматтарының басты еңбек нарығы болып қалды. Мәліметтерге қарағанда, 700 мыңнан астам азамат Ресейде еңбек миграциясында жүр. Еңбек министрлігінің еңбекпен қамту орталығы Ресейдің жиырмадан астам кәсіпорынымен келісімге отырды», — дейді министр.
Базарбаевтың айтуынша, көші-қон орталығы азаматтардың Ресей аумағында жұмысқа тұру үшін қажет болатын құжаттарды жинауға да көмектеседі. Енді дактилоскопия, медицина анықтамасы секілді құжаттарды Ресейде емес, Қырғызстанда жасатуға болады.
Ресейдегі «Миграция орталығы» басшылығы маусым-шілде айларында Қырғызстанға келеді деп жоспарланған. Орталықтың Бішкектегі өкілдігін ашу мәселесі сол уақытта түптілікті шешіледі.
newstaraz.kz