Бішкекте «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысын жобалау кеңсесі ашылады
Бішкек қаласында «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысын жобалаумен айналысатын кеңсе ашылады. Бұл турады Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев әкімшілігі хабарлады.
Ресми мәліметке қарағанда, Өзбекстан басшысына аймақтағы темір жол инфрақұрылымына қатысты ірі жобалардың, соның ішінде «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жол құрылысы жобасының орындалу барысынан хабардар еткен.
«Қарашада Қытайдың бірінші жобалау-зерттеу институты дала жұмыстарын жүргізді. Бішкекте жобалау кеңсесі ашылады. Жобаны басқару формасы мен тәртібі талқыланып жатыр. Халықаралық қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіледі. 1 маусымға қарай жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын болады», — деп хабарлады Өзбекстан президентінің әкімшілігі.
Бұған дейін мәлім болғандай, жобаның алғашқы кезеңінде Қырғызстан құрылыс құнының 20 пайызын, екінші кезеңінде 10 пайызын, ал Өзбекстан мен Қытай 30 пайызын төлейді. Жобаның төртінші кезеңінде тараптар теңдей үлес қосады. Құрылыстың нақты қанша тұратыны әзірге белгісіз. Бұның алдында Қырғызстан үкімет басшысы Ақылбек Жапаров темір жол құрылысына 6 миллиард доллар керек деп мәлімдеген.
newstaraz.kz