Бішкекте гемодиализ алатын науқастар наразылыққа шықты
Бішкекте әр аймақтан келіп емделіп жатқан, гемодиализге мұқтаж 50-дей науқас мемлекеттік «Ала-Арча» резиденциясы алдында акцияға шықты.
22 наурыздағы акцияда олар науқастар үшін жеке ауруханаларға бөлетін қаражаттың сомасын көбейтуді және гемодиализ үшін тендер жарияламауды талап еткен. Бұл туралы науқастың бірі Айнара Какиева Азаттыққа хабарлады.
«Бізде қайсы мекеме баруға таңдау беру керек. Екіншіден, гемодиализ үшін алған емімізге Медициналық сақтандыру қоры бөлген бағаны 4700-ден 6800 сумға көтеріп беруді сұраймыз. Доллар, еуро өсіп, қазіргі ақшаға бізге қажет дәрі-дәрмек жетпей жатыр», — деді Кайкиева.
Митингке қатысушылар алдына резидент Садыр Жапаровтың өзі шығып, науқастардың шағымын тыңдады.
Оларға қажетті дәрі-дәрмек үшін бюджеттен арнайы қаражат бөлініп, денсаулық сақтау министрлігі алып беріп тұрған. 2021 жылдың шілде айынан бері дәрі сатып алу үшін тендер өткізуге байланысты кешігіп жатқаны айтылып келеді.
Гемодиализ – бүйрек ауруына шалдыққанды емдейтін процесс. Науқастар аппарат арқылы қанын тазалап тұрады.
Ресми мәліметке қарағанда, Қырғызстанда 1 мың 700 адам гемодиализге мұқтаж.