Бішкекте күзде ТМД елдері үкімет басшыларының саммиті өтеді
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) үкімет басшылары кеңесінің кезекті жиыны 12 қарашада Бішкекте өтеді. Бұл туралы аталған кеңестің Минск қаласындағы кеңесіне қатысып келген Қырғызстанның үкімет басшысы Улукбек Марипов хабарлады.
Минскіде өткен кеңестің қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылған. Олардың арасында «Жұқпалы аурулардың жайылуына қарсы күрес барысында бірлесіп іс-әрекет жасаудың жоспары» және «ТМД-ға мүше елдердің қарулы күштері офицерлерінің жедел-стратегиялық дайындық жаттығуын ұйымдастыру жөніндегі» құжаттар бар.
Улукбек Марипов Беларусьқа барған іссапары аясында ТМД үкімет басшыларының кеңесінен бөлек Әзербайжан премьер-министрі Али Хидаятпен кездесіп, Минск трактор зауытына барған.
newstaraz.kz