Бішкекте компьютерлік клубта жасырынған вебкам-студияны әшкереледі
Қырғызстан милициясы компьютерлік клубта жасырынған вебкам- студияны анықтады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, студияда модельдер мен вебкам-қызметін (вебкам — эротикалық немесе порнографиялық онлайн-трансляция, көрермен сол арқылы модельдермен чат арқылы сөйлесіп, ақысына түрлі әрекеттер жасатады) қолданушылар әңгімесін аударуға көмектескен 7-8 аудармашы жұмыс істеген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 30 компьютерді тәркілеген.
«Өзінің компьютері алдында жұмыс істейтін веб-модельдер басқа қалада немесе басқа елде болуы мүмкін. Сайтқа кіретін тапсырыс берушілер де басқа қалада болады. Ал мұнда аудармашы көмегін ұсынған операторлар жұмыс істеген. Олар видеочаттағылардың веб-модельдердің әңгімесін аударған», — деп хабарлады милиция.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері үнемі рейд жүргізіп, вебкам-студияларды анықтап жүр. Қырғызстанда вебкам-студия қызметіне ресми түрде тыйым салынған. Заңға сәйкес, порнографилық сипаттағы өнім таратқандарға 20-50 мың сом ($250-$600) айыппұл салынады, не 40-100 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттеледі.
newstaraz.kz