Биыл жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады
Биыл Қырғызстанда жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Осылай деп білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев айтты.
Мұндай шешім мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескергеннен кейін қабылданған. 16 маусымда Жогорку Кеңеште Білім беру бойынша заң жобасы қайта қаралған кезде, бірқатар депутаттар оқу жылын 1 қыркүйекте бастау керек екенін айтқан.
2021-2022 оқу жылы пандемияға байланысты 15 қыркүйекте басталып, 9 маусымда аяқталған.
newstaraz.kz