Блогер Оллашукурованы милицияда ер азаматтар көзінде шешіндірген
Өзбекстан омбудсмені бастаған арнайы комиссия 21 қазанда блогер Нафосат (Шабнам) Оллашукуровамен кездесті. Оны Хорезм облыстық психиатриялық диспансерге мәжбүрлеп отырғызған еді.
Арнайы комиссия құрамына он адам кірді: омбудсмен орынбасары, Әйелдер комитетінің өкілдері, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері, «Эзгулик» және «Нажот» ұйымдарының өкілдері. «Нафосат Оллашукурованың ісіне қатысты есеп жақында жарияланады» деді арнайы комиссия құру бастамасын көтерген белсенділердің бірі.
Оның айтуынша, кездесуде блогер диспансерден босатуын сұраған. «Ол арнайы комиссия мүшелерінің сұрақтарына нақты жауап беріп отырды. Үш сағатқа созылған кездесуде Нафосат «мен ауру емеспін» деп 37 мәрте қайталады».
21 қазанда Ташкенттен Хорезмге арнайы комиссиямен бірге келген екі дәрігер «Оллашукурованың есі дұрыс еместігін» растаған. Белсендінің айтуынша, блогерді ұстаған күні оны милиция бөлімінде ер азаматтар көзінше мәжбүрлеп шешіндірген. Облыстық милиция өкілдері блогерді тінту заң ережесі бойынша жүргізілді деп отыр.
Халықаралық ұйымдар өзбек билігінен блогер Нафосат Оллашукурованы тез арада босатуын талап еткен.
https://www.centralasian.org/a/30233943.html
newstaraz.kz