Новости на Newstaraz.

БОРАН: ЖҰМЫСҚА АСЫҚҚАН ХАЛЫҚ АВТОБУСТЫ ӨЗІ ИТЕРДІ

newstaraz.kz

Ақтүтек боран елорда көшелерін қар құрсауында қалдырды. Жол апаттары жиілеген. Полицейлер көліктерді қойып, автобустарға көшуге кеңес берсе, төтеншеліктер жұмыс уақытын қысқартуды ұсынуда. Қаладан шығар жолдар тарс жабылып, әуе рейстері кейінге шегерілуде. Бірақ оған қарамай жолға шығуды мақсат еткендермен тәртіп сақшылары барынша күресіп әлек. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Жұмысқа жаңа ғана шыққан бетім. Таңертең телефонға смс келген. Оған сәйкес, елордалық полиция департаменті қала тұрғындарына жеке көліктерін тастап, қоғамдық көлікке отыруға кеңес берген. Оған қаншалықты құлақ асқанын қазір жолға шығып бірге көрейік».

» Құлақ асқандардың кейбірі боранда адасқаны ма, әйтеуір, тротуардың үстіне шығарып тұрып қойып қойыпты көліктерін. Әдетте мынадай уақытта машина кептеліп тұрушы еді. Бүгін әдеттегіден аз, сонысына қарағанда кеңеске құлақ асқан сияқты».
“Вовка, давай быстрее! На работу опаздываем!».

Жұмысқа асыққандар ол кезде Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысын естімеген еді әлі. Бүгін мектептерде сабақ түгелдей тоқтатылды.

БАУЫРЖАН СЫЗДЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТЖД БАСТЫҒЫ:
«Мекемелерге айтатыным, әсіресе коммерциялық мекемелерге, бизнес-структуралар бар, құрылыс мекемелері бар. Солар қазіргі уақыттан бастап өздерінің жұмыстарын тежей тұруы керек. Егер мүмкіндік болып жатса, бүгінгі жұмыс күнін қысқарту керек».

Қаладан шығар жолдар жабылды деп еді департамент басшысы. Посттардың біріне беттедік.Бұрқасын қардан расымен жол көрінбей кеткен кездер болды. Ақыры жеттік.

«Елордадан шыға беріс жолдардың бірінде тұрмыз. Мұндағы жағдайды айтпаса да түсінікті. Қар борап тұр. Қалаға келе жатқан көліктерді кіргізіп жатыр, ал қаладан шыққысы келген жүргізушілерді полиция қызметкерлері барынша тоқтатуға тырысуда».

«Вот джип, только что вот наше начальство вытащили. — Да нет, ты не проедешь, говорю же тебе! Вытащили? Да! Ну сейчас ты встанешь потом!».

«Разворачиваемся! Здесь не стоим!».

Ескерту мен шектеуге қарамастан трассаға шығағу асық болғандарды сөзге тарттық. Себебі әр түрлі. Бірі қаладан азық-түлік, бірі дәрі-дәрмек әкелу үшін келіп, шыға алмай қалған көрінеді.

НҰРСҰЛТАН ҚАМҰРАТОВ, ҚОСШЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Жолда тұрып қалған машиналар көп. Жан керек, қалаға беттедік. Екі күннен бері ешкім көмекке келмеді. Мен өзім әрең дегенде шығып, жәрдем сұрауға келдім. Біздегі тракторлардың соляркасы біткен шыға алмай жатыр».

РАХМАТУЛЛА ЕРЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
«Жібер деп сұрап жатқандар бар. Жолдың қолайсыздығына байланысты ешкімді жібермей тұрмыз. Адамдардың өзінің қауіпсіздігі ғой? Әрине, адамдардың өздерінің қауіпсіздігі. Қала тұрғындарынан сұрайтынымыз, бүгінше қаладан шықпай тұруын сұраймыз өйткені жол жабық тұр».

Көп ұзамай көзіміше бір қара көлік әй-шайға қарамай жолдың қарсы бетімен ытқып кетті.
Біраздан соң желіккен жүргізушіні полицейлер жетектеп әкелді. Протокол толтырамыз, дейді.

Қала сыртында ғана емес, іштегі көшелердің өзінде батып қалған автобустар бар. Жұмысқа асыққан жұрт оны қолмен итеріп, жолға шығарған. Біз сол қоғамдық көліктің рулінде болған жүргізушіні тапқан болатынбыз.

АСКЕН ТОҒАЕВ, АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІСІ:
» Бір қыз бала капюшонын киіп ап, наушнигімен жол бермей, мені көрмей, сол адамды өткіземін деп тоқтап қалған кезде автобус тұрып қалды. Содан кейін пассажирлердің бәрі шығып, көмектесіп, автобусты итерісіп, әрмен қарай бағыт алдық».

«Жел екпінінің күштілігін мына аялдама анық әспеттеп тұрғандай. Боран, міне байқасаңыздар, шатырын жұлып әкеткен. Әйтеуір автобус күтіп тұрған жолаушы жоқ мұнда».

Қалада 6 қар шығару полигоны бар екен. Екеуі ернеуінен асып толып кеткен. Қар көп. Қыс басталғалы 190 мыңдай рейс жасалып, 2 млн текше метрден артық қар шығарылды. 1 200-дей техника жұмыс жасауда. Оның өзі аздық етіп отырғанын әкім мойындап, халықты сабырға шақырды.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Шамалы сабыр ету керек. Біз бүкіл күшімізді жұмылдырдық. Біріншіден, ең үлкен жолдарды тазалаймыз. Қоғамдық көлік жүретін жерлерді тазалаймыз, ол қазір күндіз-түні жасалуда. Жұқмысты одан да күшейтеміз. Қазір жеке компаниялардың техникасын қосымша аламыз. Сонымен бірге біздің емхана, дәріхана немесе басқа да әлеуметтік нысандарға баратын жолдарды тазалаймыз. Содан кейін ішкі жолдарға барамыз. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біз сіздер үшін жұмыс жасап жатырмыз. Ұйықтамай, күндіз-түні жұмыс атқарамыз».

Ұшақпен жолға шыққандар да бөгелді. Елордалық әуежай қызметкерлерінің мәліметінше, бүгін 11 рейс тоқтатылып, 38 кейінге шегеріліп отыр. Қазгидрометтің бүгінге дәл келген болжамы көңіл көншітпейді. Ақ түтек боран апта соңына дейін жалғасатын көрінеді.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »