Новости на Newstaraz.

Чехия тәжік төлқұжатымен жүрген екі ресейлік тыңшыға іздеу жариялады

newstaraz.kz

Чехияның ішкі істер министрлігі (ІІМ) Ресейдің әскери бас барлау қызметінің (ГРУ) ықтимал екі тыңшысына іздеу жариялады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, олар Чехия аймағына 2014 жылы Александр Петров және Руслан Бошировтың атына берілген Ресейдің төлқұжатымен кіріп, ел ішінде Тәжікстанның Руслан Табаров және Молдованың Николай Попа деген азаматтының құжаттарын қолданған.

2014 жылы Чехияның Врбетице қаласындағы қару-жарақ сақталған қоймада жарылыс болғанда, олар осы аймақта жүрген. Оператор бұл екі адамға 13-17 қазан күндері қару-жарақ сақталған қоймаға баруға рұқсат берген, ал жарылыс 16 қазанда болған. Онда 50 тонна оқ-дәрі жарылып, Чехияның екі азаматы қайтыс болған. Олардың электрондық пошта арқылы рұқсат сұраған хатында Руслан Табаров атты адамның атына берілген тәжік төлқұжаты көрсетілген.

17 сәуірде Чехияның сыртқы және ішкі істер министрі қызметін қатар атқарып отырған Ян Гамачек Ресей елшілігінде істейтін 18 дипломаттың шын мәнінде Ресей бас барлау басқармасы (ГРУ) мен сыртқы барлау қызметінің адамдары екенін дәлелдейтін айғақтың барын айтқан.

Дипломаттарға елден кетуге 48 сағат беріліп отыр.

Өлкенің үкімет басшысы Анджей Бабиш пен сыртқы істер министрі Ян Гамачек мәлімдеді.

Бабиштің сөзінше, Чехияның құқық қорғау органдары Врбетиц ауылындағы ауқымды жарылысқа Ресей әскерилерінің қатысы барын дәлелдеген.

Осы арада Чехия полициясы әртүрлі паспорты бар деген екі Ресей азаматына іздеу салды. Бұл екі азамат Чехияда 2014 жылы 11-16 қазан аралығында болған. Полицияның сөзіне қарағанда, әңгіме Александр Петров пен Руслан Боширов дейтін атышулы ресейліктер жөнінде болып отыр.

Ұлыбритания Петров пен Бошировті Сергей мен Юлия Скрипальдарды «Новичокпен» улауға қатысы бар ГРУ қызметкерлері санайды. Bellingcat пен The Insider мәліметінше, Петров пен Бошировтың нағыз аты-жөні Анатолий Чепига және Александр Мишкин.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »