Дәрігерлер обырдың бастапқы белгілерін анықтайтын мобильді қосымша ойлап тапты
Қосымшаны кез келген адам қалта телефонға жүктеп алады.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары хирург-рентгенолог Дмитрий Тё мен Игорь Левин обыр дертінің алдын алуға арналған мобильдік қосымша ойлап тапты, деп жазады Хабар 24арнасы.
Бұйыртса олар «Онкоскрин» деп аталатын бағдарламаны қыркүйек айына дейін толықтай іске асыруды жоспарлап отыр. Кейін қосымшаны кез келген адам қалта телефонға жүктеп алады.
Мұнымен қатар науқастар онкологиялық диспансер мамандарымен онлайн режимде сұхбаттаса алады. Жалпы Солтүстік Қазақстан облысы елімізде қатерлі ісік ауруы бойынша көш бастап тұр. Биылдың өзінде өңірде 900-ге жуық адамнан обыр дерті анықталған.
— Дайын болған бағдарламаны біз Playmarket пен Аppstore-да жариялаймыз. Ол кез келген гаджетте жұмыс жасай береді. Қазір жобаны қарапайым, яғни азаматтарға түсінікті болу үшін барынша жағдай жасап жатырмыз. Алдағы уақытта оны қазақ тіліне аударуды да жоспарлап отырмыз, деді жобаны әзірлеуші Игорь Левин.