Новости на Newstaraz.

Павлодарлық археологтар Баянауылда көне замандағы қабірді анықтады

newstaraz.kz

Археологтардың айтуынша, табылған қабір өлке тарихын айтарлықтай толықтыра түспек.

Похожие статьи
Павлодарлық археологтар Торайғыр көлінің жағасындағы «Мұртты қорған» ескерткішінің жанынан біздің эрамызға дейінгі VIII – VI ғасырлардағы қабірді анықтады, деп хабарлайдыpavlodarnews.kz.
ПМПИ жанындағы «Margulan Centre» өңірлік археологиялық орталығының қызметкерлері бұл жерде сақ дәуіріндегі қорғандарды зерттеумен үш ай бойы айналысуда.
— Қорғанның түбінде осыдан 2600-2700 жыл бұрын өмір сүрген жауынгер жерленген, — дейді орталық директоры Тимур Смағұлов.
— Сүйектің қалдықтарына қарағанда жас адам болған көрінеді. Зерттеу жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін бұл адамның нақты қандау әлеуметтік топқа жатқанын білуге болады. Антропологиялық зерттеулер оның түр әлпетін анықтауға мүмкіндік береді. Бәлкім, жауынгердің портреттік бейнесін де алып қалуымыз ықтимал.
Археологтардың айтуынша, табылған қабір өлке тарихын айтарлықтай толықтыра түспек. Бұдан басқа, «Туған жер» бағдарламасы бойынша табылған қалдықтар Баянауылдың соңғы туристік маршрутына енгізіледі деген үмітте.
— Торайғыр көлінің жағасында және Кемпіртас шатқалында мыңнан астам адамның қатысуымен экскурсия ұйымдастырылуда, — дейді археологиялық орталықтың жетекшісі.
– Біз өз орталығымыздың зертханасы мен алғашқы табыстарымыз көрсетілген филиалды аштық. Алдағы уақытта мұнда ашық аспан астындағы музей мен Баянауылдың археология музейі ашылады. Біздің өлкенің тарихына қызығушылық танытқан кез келген адам осы жерден барлығын тамашалай алады.
Орталықты алғашқылардың бірі болып Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та арлап шықты. Өңір басшысына археологтар қазба жұмыстары жүргізілген орында біздің эрамызға дейінгі VIII – X ғасырлардағы балбал тастар аллеясын орналастыруды жоспарлап отырғандарын атап өтті.
Томирис Бекжан
Фото: Әділ Әскеров
newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »