Новости на Newstaraz.

ДДСҰ: Әлемде коронавирус індетінің үшінші толқыны басталды

newstaraz.kz

Әлемде коронавирус індетінің үшінші толқыны басталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Аданом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, әлемде қатарынан төрт апта коронавирус жұқтырғандар күрт көбейіп жатыр. Коронавирустан қайтыс болғандар да көп. ДДСҰ өкілдерінің пікірінше, 111 елде анықталған Covid-тің «дельта» штамы індеттің өршуіне себеп болып отыр. Жақын арада ол коронавирустың негізгі түріне айналады.

Гебрейесус сонымен бірге әлем елдерінде коронавирусқа қарсы вакцинаның тең бөлінбеу мәселесіне де назар аударды. Вакцина жетпегендіктен әлем халқының едәуір бөлігі ауыруға бейім. Вакциналау науқаны жылдам жүріп жатқан елдер шектеу шараларын біртіндеп алып жатыр, дегенмен бұл елдерде вакцина алмағандар үшін қауіп сейілмеген.

ДДСҰ жетекшісі әрбір мемлекетті қыркүйек айына дейін халықтың кемінде – 10 пайызына, жыл соңына дейін – 40 пайызына, келесі жылдың ортасына дейін 70 пайызына вакцина салуға үндеді. Бұл мақсатқа жету үшін вакцинаның 11 млрд дозасы керек.

Әлемде індет басталғалы бері 187 миллионнан астам адам коронавирус ауруына шалдыққан. 4 миллионнан астамы қайтыс болған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »