Депутаттық мандатынан айырылған Исмаилов пен Алимжанов ОСК-ны сотқа берді
Жогорку Кеңештің депутаттық мандатынан айырылған Фархат Исмаилов пен Фарходбек Алимжанов Орталық сайлау комиссиясын (ОСК) сотқа берді. Бұл мәліметті ОСК мүшесі Узарбек Жылкыбаев Азаттықтың қырғыз қызметіне растады.
«Олардың арызы бойынша сот істері аяқталғаннан кейін ғана кезекте тұрған үміткерлерге мандат беру істері жүреді», — деді ол.
Бішкек қалалық әкімшілік соты бұл мәліметті растап, Исмаиловтың арызы бойынша бастапқы сот тыңдауы 17 шілдеге, ал Алимжановтікі бойынша 18 шілдеге белгіленгенін білдірді.
Орталық сайлау комиссиясы Фархат Исмаилов («Ата-Жұрт – Қырғызстан» фракциясы) пен Фарходбек Алимжановты («Альянс») 6 шілдеде мандатынан айырған.
Оған білім беру және ғылым министрлігі дипломадары жалған деген күдікті саналған депутаттар туралы материалды ОСК-ға жөнелткені мәлім болған.
Былтыр сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Фархат Исмаилов пен Фарходбек Алимжановтың жоғарғы білімі туралы құжаттары жасанды болып шыққаны туралы ОСК-ға мәлімет бергенін білдірген. ОСК арнайы қызмет жөнелткен материалдарды тиісті органдармен бірлесіп қарап шыққаннан кейін шешім қабылдайтынын хабарлаған.
Парламент сайтындағы мәліметке сәйкес, Исмаилов Жүсіп Баласағұн атындағы ұлттық университетті және Заң академиясын аяқтаған. Ал Алимжанов Ош мемлекеттік университетінде, кейін президент жанындағы Басқару академиясында білім алған.
Екеуі де дипломдары жалған деген мәліметті теріске шығарған.
newstaraz.kz