Дереккөз: «Ансоруллах» Тәжікстанға шабуыл жасауға дайындалып жатыр
Азаттықтың өзбек қызметі (Озоди) дереккөзіне сүйеніп, «Ансоруллах» радикалды қозғалысы Тәжікстанға шабуыл жасауға дайындалып жатқанын хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, тәжік билігі қазір бұл ақпаратты зерттеп, әскерін дайындап жатыр.
Қарулы шабуыл болуы мүмкін екенін Таулы Бадахшан автономды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Голиб Ниятбеков да осыған дейін естігенін айтты.
«Бірақ бұл әзірге тек алып-қашпа сөздер. Мемлекеттік шекара күшейтілді. Облысқа президент келеді деп жатыр. Тұрғындарда қауіп жоқ, әркім өз жұмысын істеп жүр», — деді ол.
«Талибан» қозғалысы маусым айында Ауғанстанның Тәжікстанмен шектесетін аймағын бақылауға алған. Тәліптер шекараның бір бөлігін Тәжікстанда тыйым салынған «Ансоруллах» тобына тарсырғанын Озоди радиосы анықтаған.
Бұл топтың бірқатар содырларына ресми Душанбе халықаралық іздеу жариялаған.
newstaraz.kz