Днепрде зымыран соққысынан 20 адам жараланды
Днепрдегі Ресейдің зымыран соққысынан 20 адам жараланды. 15-і ауруханада жатыр. Бұл жөнінде жергілікті әкімшілік басшысы Валентин Резниченко хабарлады.
Оның сөзінше, зымыран күндіз, адамдар далада жүрген кезде түскен.
Украина президенті Владимир Зеленский телеграм каналына Днепрдегі зымыран оғы түскен видеоны жариялады.
«Террорист-мемлекет украиндықтарды барынша қайғыға батырғысы келеді», — деп жазды украин президенті.
17 қарашаға қараған түні Запорожье облысында төрт адам қайтыс болды. Зымыран соққысы екі қабатты тұрғын үйге түскен. Онда он адам тұрып жатқан екен.
Ресей әскері сонымен бірге Харьков облысының Изюм ауднын да атқылады.
Украина әскерінің мәліметінше, Ресей 150 рет зымыранмен атқылаған.
newstaraz.kz