Душанбеде әділдік іздеген тұрғынның билікке арыздары «15 келі» болған
Душанбе тұрғыны Саид Хасанов төрт жылдан бері ұлының кінәлі емес екендігін дәлелдеуге тырысып жүр. 2017 жылы оның баласын екі әйелді өлтірді деген айыппен 28 жылға соттаған.
Хасанов түрлі органдарға жазған арыздарын жинап қойған. Мұндай қағаздардың жалпы салмағы «15 келіге тартады» дейді ол.
Сот Файзали Хасановты екі әйелді өлтірді деген айыппен соттады. Хасанов ұлының кінәлі еместігіне сенімді. Қылмыс тіркелген төртінші қабаттағы пәтер іштен құлыпталған болса, Файзали бұл жерден қалай қашып кеткен дейді Хасанов.
Бірақ оның жинаған дәйектеріне сот назар аудармаған.
Саид Хасанов Тәжікстанда әділдік іздеу мүмкін емес деп отыр.
«Төрт жылдан бері мен әділдік талап етіп келемін. Сот пен прокуратура табылдырыған аттамаған күнім жоқ. Барлық мекемеге бардым. Тәжікстанда әділдікке жету оңай емес. Өйткені елде әділдік жоқ, жемқорлық пен парақорлық қана бар», — дейді ол.
Билік өкілдері мұндай пікірмен келіспейді. Олар Тәжікстанда адам құқықтары сақталады, елде әділ сот бар деп есептейді.
Тәжікстан Жоғарғы сотының төрағасы Шермұхаммад Шохиён жақында өткен баспасөз конференциясында «Тәжікстанда әділдік бар» деп мәлімдеген.
newstaraz.kz