Душанбеде кәмелет жасқан толған азаматтардың бәріне COVID-19-ға қарсы вакцина егеді (видео)
Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Душанбе қаласында 18 жасқа толған азаматтардың бәріне вакцина салынады. Мұндай шешім «коронавирус эпидемиясының жаңа толқынын тежеу мақсатында қабылданған».
Денсаулық сақтау министрлігі 25 маусымда астананың 18 жастан асқан тұрғындарын коронавирусқа қарсы вакцина ектіруге үндеді.
23 маусымда Душанбе басшысы Рустам Эмомали астанадағы денсаулық сақтау мекемелерін вакцина егу науқанын тездетуді тапсырды.
Тәжікстанға 20 маусымда Қытайдың Sinovac Research & Development Co. Ltd компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасының 300 мың дозасы жеткізілді. Бұның алдында елге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «COVAX» бағдарламасы аясында AstraZeneca вакцинасының 192 мың дозасы түскен.
Билік азаматтардың вакцина салдыруға енжар қарайтынына алаңдайды. Ресми мәлімет бойынша, елде шамамен 90 мың тұрғын вакцина салдырған.
Осы аптада Тәжікстан билігі елде коронавирус жұқтырған науқастар тағы тіркеле бастағанын ресми түрде мойындады. Шенеуніктер елде коронавирустың нақты қай штамы тіркелгені туралы айтпады.
newstaraz.kz