Новости на Newstaraz.

Душанбеде Озоди радиосы мен Настоящее Время тілшілеріне шабуыл жасалды (видео)

newstaraz.kz

Муллораджаб Юсуфзода (слева) и Анушервон Арипов после инцидента, Душанбе 17 мая 2022 года

Тәжікстан астанасында белгісіз біреулер Озоди радиосы мен Настоящее Время телеарнасының тілшілеріне шабуылдап, олардың жұмыс техникасын, ұялы телефондарын тартып алды.

Оқиға 17 тамызда болған. Мұның алдында ғана тілшілер Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы азаматтық белсенді Ульфатхоним Мамадшоевамен сөйлескен. Қарапайым киінген адамдар Анушервон Ариповті, Насим Исамовты, Муллораджаб Юсуфзода мен Барот Юсуфиді автокөліктен күшпен алып шыққан. Олар тілшілердің жұмыс техникасын, ұялы телефондарын тартып алған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі 17 мамырда Ульфатхоним Мамадшоеваның үстінен «заңсыз митинг ұйымдастырды» деген айыппен іс қозғады.

Белгісіз адамдар Муллораджаб Юсуфзоданың басынан, кеудесінен бірнеше мәрте ұрған. Кім екендеріңді айтыңдар деген өтінішке олар жауап бермеген.

«Бүгін түскі сағат екіде Ульфатхонум Мамадшоевамен оның Душанбедегі үйінің маңында сөйлестік. Ол үйіне кеткенде біз автокөлікке қарай беттедік. Бізге қарапайым киінген екі адам шабуылдады. Олар мені, операторды ұрды, жұмыс техникасын, ұялы телефондарды тартып алды. Біреуі «Муллораджаб, Құдай біледі, сені атып тастаймын» деп қорқытты», — дейді Муллораджаб Юсуфзода.

Анушервон Ариповтың айтуынша, Настоящее Время телеарнасының түсіру тобына да дәл осындай шабуыл жасалған. Душанбеде Таулы Бадахшан белсендісі Ульфатхоним Мамадшоевамен сөйлескен соң Арипов пен оператор Исамов Озоди радиосының бюросына бармақ болған. Журналистер көлікке отырған уақытта оның жолын ақ автокөлік бөгеген. Оның ішінен спортпен шұғылданған жас жігіттер атып шығып, автокөліктің ашық тұрған терезесінен журналистердің ұялы телефондарын тартып алған. Одан соң тілшілерді сыртқа сүйреп шығып, жұмыс техникасын тартып алған.

Озоди радиосы мен Настоящее Время журналистері Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы үкіметке қарсы наразылық тақырыбымен жұмыс істеп жүрген. Шабуылдаушылар журналистерден жеті ұялы телефон мен бір видеокамера тартып алған. Ариповтың айтуынша, техниканы қайтарыңдар деген талабына олар «Бәрін қайтарып береміз» деп жауап берген, бірақ кімдер және қашан қайтаратынын айтпаған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының президенті Джейми Флай Душанбеде Озоди радиосы мен Настоящее Время тілшілеріне жасалған шабуылды айыптады. «Біз тәжік билігінен тәуелсіз БАҚ-қа қысым көрсетуді доғаруын бірнеше мәрте талап еттік», — делінген Джейми Флайдың 17 мамырдағы мәлімдемесінде.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »