Джо Байден: «АҚШ Тайванды қорғауға міндетті»
АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, Тайвань Қытайдың шабуылына ұшыраған жағдайда Вашингтон арал мемлекетті қорғайды. Бұл туралы «Америка дауысы» хабарлады.
CNN телеарнасының Балтиморда ұйымдастырған кездесуде Байденге: «Қытай Тайванға шабуылдаса, АҚШ не істейді?» деген сауал қойылды. «АҚШ Тайванды қорғауға міндетті», — деп жауап берді Байден.
Соңғы бірнеше аптада Пекин ондаған әскери ұшақты Тайванның әуе қорғанысы анықтай алатын аймағына ұшырды. Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай мен Тайвань «түбінде қосылады» деп мәлімдеген.
newstaraz.kz