Еңбек министрлігі: Ресей 120 мың тәжік мигрантына рақымшылық жасады
Ресейде 120 мыңнан астам тәжік мигрантына рақымшылық жасалды деп хабарлады Тәжікстанның еңбек министрі Ширин Амонзода.
Ол мигранттар қандай заң бұзғанын түсіндірмеді. Осының алдында 230 мың тәжік мигрантына Ресейге кіруге уақытша тыйым салынғаны айтылған.
Еңбек министрінің айтуынша, былтыр 150 мың тәжік азаматы Ресейде құжаттарын заңдастырып алған.
Былтыр Тәжікстаннан 373 мың 773 адам Ресейге жұмыс істеу үшін барған. Былтыр сәуір айынан бастап Ресей пандемиядан кейін шекарасын қайта ашып, екі ел арасындағы ұшақты қайта қалпына келтірген.
newstaraz.kz