Эквадорда түрмедегі бүліктен кейін төтенше жағдай жарияланды
Эквадордың Гуаякил қаласындағы түрмедегі бүліктен 116 адам қайтыс болып, 80-і жарақат алған.
Билік өкілдері Литорал аймағындағы бүлікке халықаралық есірткі тасымалына қатысты қылмыстық топтардың себеп болғанын, кемінде бес адамның өлі денесі табылғанын жеткізді.
29 қыркүйекте бұл оқиғадан кейін ел президенті Гильермо Лассо Эквадорда төтенше жағдай жариялады. Ол абақтыдағы жағдайды толық бақылауға алуды тапсырған.
«Түрмелер қылмыстық топтардың өзара жанжалына айналғаны өкінішті», — деген», — Эквадор президенті.
Эквадордың Ұлттық реабилитация кеңесінің бұрынғы басшысы Леди Зунига Орталық Америкадағы бұл өлкенің тарихында Литорал аймағында бұрын-соңды мұндай бүлік болып көрмегенін, билік былтыр ақпан айындағы оқиғадан сабақ алмағанын айтты.
newstaraz.kz