Парамен ұсталған қызметкері үшін Алтай Көлгінов жұмысынан кете ме, жоқ па? Бүгін халыққа есеп беру кезінде Нұр-Сұлтанның әкімі осы сұраққа жауап берді. Бірнеше сағатқа созылған жиында елорда басшысыа неше түрлі сұрақ қойылды. Дені бұған дейінгі әкімдерге де қойылған, жауыр болған мәселелер. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Бұрын астана әкімдердің есебі осындай айқай-шумен басталып, осылай аяқталатын. Көбі залға сыймай, кешіккендер кіре алмай, өкпе-назын айтып жататын. Биыл аса бір дүрбелең жоқ. Халық емін-еркін кіріп шығып, жиналыстан бітпестен тарап жатты. Себебі, бұрынғы «Конгресс холдың» фойесінде қала әкімдігінің құрылымына қарайтын барлық мемлекеттік органдар, басқармалар мен бөлімнің басшылары, қосшылары жайғасқан. Елордалықтар осы жерден сұрақтарына жауап алып алуда.
«Кейбір сұрақтар бар әкімге қоятын. Қалғандарын осы жерде өздері шешіп жатыр ғой. Шешілмесе әкімге қоямыз.00Кішкене халыққа мойын бұра бастады. Көп емес 50 пайыздай».
«Былтыр Исекешевте мына жерде қырғын болып, масқара болды ғой. Мен өзі қырық жыл мұғалім болдым, жылда шақырады».
Жаратқан иеміз өзге өңірлерге қар жаудырмаса да, астанадан аямапты. Қалыпты нормадан бірнеше есе артық түсті. Қазір қаланың ішін аршып болып, енді көктемгі тасқынға дайындық басталып кетіпті. Дегенмен, төтенше жағдай режимі әлі сақталады екен.
Осындай қарбалас жұмыстың арасында қосалқы мердігер компаниядан пара алып үлгірген қалаға қарасты Байқоңыр ауданының әкімі үшін де Көлгінов жауап берді. Асқар Есіловтің ұсталуына байланысты «елорда басшысы ретінде отставкаға кетесіз бе» деген сұраққа былай деді.
АЛТАЙ КӨЛГІНОВ ҚАЛА ӘКІМІ:
«По-втором вопросу все будет по- закону ,что скажет закон то и будем делать».
Астанадағы өзекті мәселенің бірі — үлескерлер дауы. Алды 15 жылдан бері баспанасын ала алмай жүргендер көп. 12 мыңнан аса адам бар. 42 проблемалық нысанның тең жартысы осы жылы тапсырылмақ. Былтырда он үйдің құрылысын аяқтап берген.
АЛТАЙ КӨЛГІНОВ ҚАЛА ӘКІМІ
«Ол енді заңға сәйкес, біз жауапқа таратамыз ол кісіні. Себебі, қанша адамды алдады. Сіз қазір , уақытты алмайық мына кіслердің, білем ол проблеманы. Қазір менің орынбасарым келеді сізге, бүкіл мән-жайды қарап кездесеміз тағы да».
Сондай-ақ, мектеп, балабақша мәселесі де елордадағы басты тақырып. Үш ауысымда жұмыс істеп, бір сыныпта 40-тан аса бала оқитын білім нысандары бар. Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл 12 мектеп пайдалану беріліп, 8 білім ордасының құрылысы басталады екен.
«Өзіңіз білесіз үлкен шағын ауданда 20 мыңнан астам тұрғын тұрады. Бізде мектеп жоқ. 2016 жылы Исекешовтың уақытында мектеп саламыз деген жоспар болған. Қазір міне 4 жыл болды, әлі мектеп жоқ. Сол мәселеге қол қойсаң».
Халықтан түскен сұрақтардың дені, коммуналдық қызмет, КСК-ның жұмысы, қоғамдық көліктің проблемасын көтерді. Ел-жұртты толғандырған тағы бір мәселе полиция мен медицина мамандарының жұмысы.
«Қазір мен 28 жастағы баламды больницаға апара алмай отырмын. Неден қорыққаннан. Полицийден қорыққаннан .Одан сайын ауырып жүрген баламды, одан сайын ұрып-ұрып псих больницадан шықпастай қылып тастайын деп отыр. Маған көмек керек, қазір мен баламды адам қалпында алып қалуым керек».
Түскі 13 00-ге дейін созылса да тұрғындардың тарапынан сұрақ бітпеді. Оларды әкім түскі үзілістен кейін тағы қабылдаймын деп уәде берді. Сұрақ-жауап кезінде де Алтай Көлгінов қарамағындағыларға бірден тапсырма беріп, мәселенің мән жайын тезірек анықтауды тапсырды.
newstaraz.kz