Новости на Newstaraz.

ЕЛОРДА ІРГЕСІНДЕГІ АУЫЛДЫ ҚАР БАСТЫ

newstaraz.kz

Елорданың іргесіндегі ауыл тұрғындары қалың қардан үйлерінен шыға алмай отыр. Талапкер ауылыныңдағы тұтас бір көшенің халқы су таси алмай, жұмысқа бара алмай, әбден қиналуда. Бір аптадан бері әкімдікке хабарласып, күдер үзген ел-жұрт ақпарат құралдары арқылы Үкіметтен көмек сұрады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұл — Астананың іргесіндегі Талапкер ауылындағы аты шулы ОБСЕ шағын ауданы. Өздеріңіз көргендей, қар өте қалың түскен. Екі-үш күн өтсе де әлі ашылмаған. Тұрғындар анау жерде, тұр, бізге жете алмай. Біз оларға жете алмай, күрттік қардан өте алмай тұрмыз. Айтуларынша, екі-үш күннен бері балалар сабаққа бара алмай, тұрғындар үйлерінен шыға алмай қиналып жатқан көрінеді.

Қар үйінділерінің биіктігі үйдің төбесімен бірдей. Көбінің отын-сулары таусылып, бір-бірінен көмек сұрауда. Шамасы келгендер ауласының айналасын аршыған. Қалғаны қар астында. Тұтас бір көше көміліп жатыр. Әсіресе, қарияларға қиын. Келесі көшедегі колонкадан осындай қиындықпен су тасып жүр.

АБЫЛАЙ БАЙДІЛДИНОВ ТАЛАПКЕР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Бір жұма жоқ трактор. Суды немен тасимыз. Балаларға сабаққа баруға өте қиын. Жүру мүмкін емес. Ертең біреу ауырып қалатын болса жедел жәрдемде келе алмайды. Апару да қиын болады. Айтқанды тыңдамайды. Керек қылмайды».

Қазір тұрғындардың дені көліктерін көшенің басына, ауылдың ішіне қалдырып кетуге мәжбүр. Үйлеріне кіре алмайды. Себебі, қар басып қалса, тіпті қиын.

ТҰРСЫН ЕРЖАНОВ — ТАЛАПКЕР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Бір апта жұмысқа шыға алмай жатырмын. Әне, ЗИЛім қардың астында тұр. Ақша тауып отырған машинам. Қопарып алып шығуда да қанша техника керек».

Талапкерде ер азаматы да, әйел заты да бәрі қолдарына күрек алып, жолды аршуға кіріскен. Әйтпесе, әкімдіктен үміт жоқ. Тек журналистер келеді деген сыбысты естіген соң, бір техника бізбен қатар келіп, қар күреуге кірісті.

НҰРГҮЛ АФЛЯЕВА — ТАЛАПКЕР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
«Акиматқа звондағанымызға бүгін бесінші күн. Трактор енді ғана келді. Каналға звондағаннан кейін. Үйімізден шығып магазинге бара алмаймыз, қайдағы жұмыс. Жылда осылай. Көктемде судың астында, қыста қардың астында қаламыз».

Бес күні бойы төбе көрсетпеген ауылдың атқа мінерлері де тілшілер түсіріп жатқан көшеге жетіп келіпті. Онда да әкім өзі жоқ, қазақша білмейтін орынбасарын жіберіпті. Айтуынша, округ бойынша бар- жоғы 4 техника бар екен.

МИРАС КУЖУБАЕВ ТАЛАПКЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бұл көше осы Талапкер кентінің ең шетінде орналасқан. Боран, жауын-шашында қардың бәрі осы жерге жиналады. Қарды тоқтату мүмкін емес. Біз түгіл, астананың өзінде де қар қалың түсті ғой. Біздің окург бойынша 4 ауыл бар. Меншігіміздегі 4 техниканы осының бәріне бөліп жатырмыз. Ең алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандардың маңын, ауылдан шығатын күре жолды аршып жатырмыз».

Шығыста да жағдай мәз емес. Көкпекті ауданының аумағында тұтас ауылды басып қалған. Аула-қора тіпті көрінбейді. Аттың бауырынан асатын қалың күртікте тұрғындар өз күшімен суатқа мал айдайтын жол салып, амалдап жатқан көрінеді. Осы өлкенің тумасы айтыскер Фархад Маратұлы өңірдегі жағдайды өлеңге қосып, жергілікті билікке әзіл аралас зілді жолдады.

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »